Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
16 3 саласын анықтаудан тұрады. Кең жолақты сигналдарды
қолдану жүйеде жоғары бөгеуілден қорғалған кезде
секундына 5 000 объектіге дейін ақпаратты жаңарту жиілігін
қамтамасыз етеді. Орналасқан жерін анықтаудың дәлдігі
аумақтағы стационарлық радио қабылдағыш желісін
орналастыру тығыздығынан тәуелді және ГАЖ-қосымшасын
пайдаланып орындалған өңірдің цифрлық моделіндегі көлік
жүйесі кескінінің (ГЖК) қабатын пайдаланып, деректерді
үздіксіз қадағалау және түзету режимінде бірнеше метрді
құрауы мүмкін.
Екі жақты байланыс пейджерлерін және қабылдағыш-беретін
станциялар желісін қолданатын ұқсас жүйені «Ме- гаПейдж»
фирмасы ұсынады. Автомобильге орнатылған кең жолақты
таратқыш стандартты пейджинг қабылдағышының сигналы
бойынша не айдап кетуге қарсы сигнал беру жүйесінің
сигналы бойынша қосылады, таратқыштың ОЖА пейджинг
жүйесінің базалық станциялары желісі арқылы жүзеге
асырылады.
Мобильді пеленгаторлар негізіндегі жүйенің үлгісі «Лоджек»
(Lo
Jack)
жүйесі болып табылады. Осы жүйенің
пеленгаторларымен
жол
пост
қызметінің
арнайы
батальонының автомобильдері және қаладан шығатын
жердегі Ресей ІІМ МЖЖҚИ пост-пикеттері жабдықталған.
Радио навигация әдістері. Осы әдістер импульстік-фазалық
жердегі навигациялық жүйелердің («Лоран-С» — «Чайка»
типті) және GPS NAVSTAR — ГЛОНАСС орта орбиталық
серіктік радионавигациялық жүйелердің (ЖРНЖ) негізінде
іске асырылады. Бүгінгі таңда ең үздік дәлдік және
пайдаланушылық сипаттамалары серіктік навигациялық
жүйелерде (ЖНЖ) болады, онда стандартты режимде
орналасқан жерін анықтау дәлдігі 50... 100 м кем емес, ал
фазалық анықтау немесе дифференциалды навигация
режимінде ақпараттық сигналдарды өңдеудің арнайы
әдістерін қолданғанда — бірнеше метрге дейін жетеді.
Әртүрлі фирмалармен ұсынылатын техникалық шешімдер
өздерінің көрсеткіштері бойынша жеткілікті жақын және
жүйенің нақты пайдаланушысы үшін маңызды болуы мүмкін
бөлшектермен өзгешеленеді. Әдетте, жүйенің жабдықтарына
борттық навигациялық есептегіш, УҚТ-радиобайланыс
радиостанциясы немесе ұялы телефон кіреді (5.1–суретті
қараңыз).
Диспетчерлік орталықта цифрлық электронды картасы бар