Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет288/326
Дата12.01.2022
өлшемі6,12 Mb.
#23977
түріОқулық
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   326
Байланысты:
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

2
58
барлық бөлімшелері, теңіз және өзен флоты, автомобиль және қалалық 
жолаушылар 
қызметтері 
мен 
Ресей 
көлік 
инспекциясының 
жұмыстарын  ақпараттық-талдауды  қамтамсыз  етуді  жүзеге  асыруы 
тиіс.  Бұдан  басқа  ӨАЕЖ  көрсетілген  құрылымдардың  Ресей 
президентінің 
әкімшілігімен, 
Ресей 
Президенті 
Үкіметінің 
аппаратымен,  РФ  Федералдық  жиналыс  аппараты,  федералдық 
министрліктер  мен  ведомстволар,  көлік  акционерлік  қоғамдарымен 
және т.б. өзара әрекет етуді қамтамасыз етуге тиіс. 
ӨАЕЖ  құрған  кезде  негізгі  проблема  Ресей  ФҮБАА  және  Ресей 
федералдық  техникалық  және  экспорттық  бақылау  қызметінің 
талаптарына  байланысты,  мәселелерді  шешу  болып  табылады. 
Интернет  желісі  бойынша  ДБ  деректер  беру  және  қолжетімділік  үшін 
пайдалану байланыстың көптеген техникалық проблемаларын шешкен 
болар  еді.  Интернеттің  перспективалылығын  ескере  отырып,    Ресей 
ФТЭБҚ  мен  Ресей  ФҮБАА-мен  бірлесіп  сол  немесе  өзге 
бағдарламалық  және  (немесе)  техникалық  қорғау  құралдарын 
пайдалану  кезінде  желілерде  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  туралы  мәселені 
шешу қажет. 
Қолжетімділік деңгейі бойынша түрлі ақпарат пысықталатын Ресей 
көлік  министрлігі  бөлімшелерінің  қолданбалы  ДБ  ақпараттың 
жайылып кетуінің көзі болмас үшін Ресей Көлік министрлігі АЕЖ кем 
дегенде  екі  пішімін  құру  болжанады.  Олардың  бірі  ашық,  екіншісі 
жабық  сипаттағы  деректерді  өңдеуге  арналған.  Бұл  пішімдердің  өзара 
байланысы болмауы тиіс. Ал олардың өзара ақпарат алмасуы алмалы-
салмалы  магниттік  ақпарат  тасығыш    (дискета,  магнит-оптикалық 
диск)  арқылы ғана жүзеге асады. 
Ресей Көлік министрлігі қызметтерінің әрқайсысының ақпараттық-
есептеу  желісі  АЕЖ,  сыртқы  абонентке  қолжетімділік  қамтамасыз 
ететін  тиісті  коммуникациялық  сервері  және  компьютерлік  желілерге, 
тиісті ведомстволық коммуникацияларға жолы болуы тиіс. 
Қызметтердің  әрқайсысының  АЕЖ  өңірлік  органдарға,  тиісті 
ведомстволық  бағынысты  көліктік  кәсіпорындарына    тікелей  шығу 
жолы  қамтамасыз  етілуі  тиіс.  Ақпарат  алмасу  үшін  (мерзімділік  – 
тәулік  және  одан  көп)  жалпы  мақсаттағы  телекоммуникациялық 
желілермен берілетін электрондық почтаның технологиясын пайдалану 
қажет. Сонымен қатар бар ведомстволық және жалға алынған байланыс 
арналарының мүмкіндіктерін қарау қажет. 
Байланыс  арналарымен  нашар  жарақталған  өңірлердің,  сондай-ақ 
орталықтан  географиялық  жағынан  қашық  өңірлердің  АЕЖ  қосылу 
үшін  барынша  перспективалық  бағыт    серіктік  байланыс  арналарын 
пайдалану  болып  табылады,  оның  бағасы  да  тұрақты  түсіп,  өткізу 
қабілеті арта түсуде. 
Бұл проблеманы шешудің басқа жолы Ресей Көлік министрлігінде 
«АТЛАС» мемлекеттік компьютерлік желісінің абоненттік пунктін ашу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   326




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет