26
ОТАНЫҢ СЕНІҢ БІРЕУ-АҚ
Адам үшін ауа, су, нан, ата-ана қаншалықты
ғазиз де қасиетті болса, Отан да соншалықты
қымбат. Отан-ана туған жерден басталады...
Есіңде болсын, Отан махаббаты ата-анаға, аға-
ініге, әпке-сіңліге, доc-жарандарға деген мейірмен
қосылып кетеді. Тек адам ғана емес, тіпті құстар
да өз елін сағынады. Ағаштар да өз жерін
аңсайды. Мысалы, Америкада мың жылға дейін
жасайтын ағаш өседі екен. Француздар қызығып,
оны өз еліне әкеліп егіпті. Көшет көгеріп, биік бо-
лып өсіпті... Көп жыл өтіп бақ орманға айна-
лыпты. Бірақ арадан отыз-қырық жыл өткен соң,
кездейсоқ оқиға болыпты: су ішіп көгеріп тұрған
ағаштар өзінен-өзі қурап қалыпты. Ғалымдар
мұның себебін іздей бастапты. Оны анықтаған кез-
де мына оқиғаны есітіп, қатты таң қалыпты. Сол
ағаштар қурап қалған кезде Америка континентінде
қатты қуаңшылық болған екен. Ол жердегі дәл
осындай ағаштар да қурап қалған екен. Сонда
ғалымдар бір-бірінен өте алыста болған ағаштарды
біріктіретін қандай да бір күш немесе сыр бар
екен, деген шешімге келіпті. Көрдің бе, адам ойы
жетпейтін осы сырлы байланысты Отан сезімімен
ғана түсіндіруге болады. Ағаш – бұл ағаш, Алла
Тағала тіл, түйсік-сезім, ақыл-ой берген адам үшін
Отаннан артық не бар?! Әрине, жоқ!
ҚАЙТАЛАУ
27
Отан ана сынды біреу-ақ. Біреу-ақ болғандықтан
қасиетті де тәбәрік, жалғыздығымен қымбат та
қадірлі.
Хуршид Даврон
1. Отанға деген махаббат ең алдымен не-
ден бас талады?
2. Адам жат елде өзін толық бақытты деп
сезінеді ме?
3. Сеніңше,
Отан
неліктен
қадірлі
де
қасиетті?
Сөзжұмбақты шеш
1. Елтаңба, ту, әнұран – ... .
2. ...-жұрт... .
3. Жер шарының моделі.
4. Білім ...мен құдық
қазғандай.
5. Мемлекетіміздегі
өзен.
6. Бейбiтшiлiк.
7. Ташкент – ... .
8. Ең ғазиз азық.
Р
E
Г
И
С
T
А
Н
1
2
3
4
5
6
7
8
28
II БӨЛIМ. АДАМ – ӘДЕП-ҚҰЛҚЫМЕН
СҰЛУ
ҚАРТТАРДЫ АРДАҚТАЙЫҚ
1. Сенің жанұяңда да қарт адамдар бар
ма? Оларға деген көзқарасың қандай?
2. Атаңның яки әжеңнің қайсы насихатта-
рын үне мі есіңде сақтайсың? Үлкендердің
сөздерін тың дамағаның үшін кейде өкініп
қалғаның есіңде ме?
Қарт адамдары бар үй ырыс-берекелі болады.
Ата-әжелеріміздің батасы, үгіт-насихаттары бізге ке-
рек болады. Олар өмірлік тәжірибелерін үйретеді,
ертегілер айтып береді.
Елімізде қарт жастағы адамдар қадірленеді.
Оларға қамқорлық жасалады, жағдайынан хабар
алынады.
Президентіміздің
бастамасымен
2002
жыл
«Қарттарды ардақтау жылы», 2015 жыл “Қарттарды
қадірлеу жылы” деп жарияланды.
Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету
халқымызға тән қасиет. Қарияларға сәлем
беру, олардың сөздеріне құлақ салу, наси-
хаттарына жүгіну керек.
29
ҚАРТТАРДЫҢ БАТАСЫ
Мұрат бос уақытын атасымен, әжесімен бірге
өткізгенді ұнатады. Себебі олармен уақыттың қалай
өткенін
байқамай
қалады.
Олар
бақта
ағаштар
мен
гүлдерді бірге күтіп-баптайды.
Атасы өсімдіктер мен құс-
тар, аңдар туралы қызықты
оқиғаларды әңгімелеп бе реді.
Әжесінің мақалдарын, әндері
мен ертегілерін есі теді.
Бір күні Мұрат досы Зәкірмен мектептен қайтып
келе жатыр еді. Жолда үлкен сөмкесін әрең
көтеріп келе жатқан бір кемпірді көріп қалды.
– Зәкір, кел, ана әжеге көмектесейік, – деді
Мұрат.
– Жоқ, мен тезірек үйге барып, сабақ дайында-
мақ шымын, – деді Зәкір.
– Жарайды, сен кете бер. Мен көмектесе-
мін, – деді Мұрат.
Атасы мен әжесі Мұраттың неге кешіккенін
сұрады. Немересінің жауабын естіген соң:
– Бәрекелде, балам. Қарттардың батасын алсаң,
ешқашан жаман болмайсың. «Алтын алма, бата
ал», деп босқа айтпайды ғой, – деді оның арқасынан
қағып.
1. Зәкірдің іс-қимылын қалай бағалайсың?
2. Сеніңше, бейтаныс қарттарға көмектесу
керек пе? Жауабыңды түсіндіріп бер.
30
Төмендегі ережелерді есіңде сақта да,
тізімді
дәптеріңе
жазуды
одан
ары
жалғастыр.
1) өзінен үлкендерге бірінші болып сәлем беру;
2) қарт адамдардың алдында дауыстап сөйле-
меу, бостан босқа күлмеу;
3) қоғамдық орындарда яки көлікте қарияларға
орын беру;
4) қарт адамның қолында жүгі яки бірер жұмы-
сы болса, көмектесу;
5) насихат жасаса, сөздерін тыңдау;
Ата-анаңмен қарияларға қандай қатынаста
болу керек екені туралы сұхбаттас. «
Қария-
сы бар үйде періште бар», « Қарияның
біл ге нін пе ріште білмес» деген мақал-
дардың мазмұнын түсіндір.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ.
«БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ кЕПІЛДІкТЕРІ
ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖӨНIНДЕ
Өзбекстанда әрбір баланың дені сау бо-
лып өсіп-ұлғаюына мемлекет қамқорлық жасай-
ды.
Мем лекетіміздің
ата
заңы – Конституция-
да біз дің құқымыз бен еркіндігіміз қамтамасыз
етілген. Сонымен қатар 2008 жылғы 8 январьда
«Бала құқықтарының кепілдіктері туралы» Заң да
31
қабылданған. Бұл заң бала-
ларды жан-жақты қорғайды.
Заңда балалардың өз ата-
анасының
бауырында
ұлға-
юы белгіленген. Ал ата-анасыз
балаларға мемлекет қам қор-
лық жасайды.
Әрбір бала тегін білім алу
құқына ие. Әрбір бала дем
алу, бос уақытын мазмұнды
өткі зу құқына ие. Елімізде
балалардың
бақытты
өмір
сүруі, өсіп-ұлғаюы үшін барлық
жағдай жасалған.
Президентіміз
Туған
елімз дің
бақыты
мен
болашағы жолында қызмет ету – ең үлкен бақыт
атты кітабында да балалардың дені сау және ке-
мел болып өсуі туралы құнды пікірлер айтқан.
Заңда балалардың мынандай құқықтары кепіл-
денген:
• Кез келген бала өмір сүру құқына ие.
• Баланың фамилия, есім, әкесінің есімін алу,
ұлты мен азаматтығына ие болу құқы бар.
• Мемлекет баланың саламатты туылу және жан-
жақты дамуы үшін жағдай жасайды.
• Әрқандай бала өз пікірін еркін айту құқына ие.
• Мемлекет балалардың тегін медициналық көмек
алуын кепілдейді.
32
Әрбір
бала
өзінің
жасына,
денсаулығына,
сондай-ақ қажетіне сай келетін дем алу және
бос уақытының болу құқына ие.
21-баптан.
Ата-анаң немесе аға-әпкелеріңнің жәрдемі-
мен «Бақытты балалық шағым» тақырыбына
мәтін құра.
ҚАСИЕТТІ кІТАПТАРДАҒЫ
БАЛАЛАР ӘДЕБІ ТУРАЛЫ
Хадистер ислам дінінде Құраннан кейінгі қа-
сиетті қайнар көз болып саналады.
33
Хадис терде жақсы мінез-құлық пен жақсы
қасиеттер насихатталады. Жамандық, шағыстыру,
күншілдік, зұлымдық пен сатқындық тәрізді індеттер
әшке реленеді.
Қасиет – адам бойындағы жақсы әдеттер.
Қасие тіміз қаншалықты көп болса, сон-
шалықты жақ сы болады.
Індет – адам
мінез-құлқындағы
жаман
қасиет. Оларды жоймай тұрып жақсы деген
ат алу қиын.
Қасиетті кітаптарда балалар әдебі мен тәр-
биесіне тиісті көптеген ой-пікір айтылған, сондай-ақ
ілім алу парыз екені де атап өтіледі.
Елімізден әлемге әйгілі ойшыл ғұламалар
шыққан. Имам Бұхари, Имам Термізи сын-
ды бабаларымыз хадистерді жинаған.
Хадистерден үзінділер
Адамдар арасында бiреудi шағыстырудан және
өсек-аяң, жала сөздерді тарқатудан аулақ бол.
* * *
Шынайылықта қауіп-қатер сезсең де тек шын
сөйле. Сонда медет табасың. Тіпті пайда тау-
34
ып тұрған болсаң да өтіріктен аулақ бол. Өйткені
бәрібір өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
* * *
Адам бойындағы ең жаман індет – күншілдік
пен қорқақтық.
* * *
Екі адамға Алла тағала ақырет күні жақсы
көзбен қара майды:
1. Туған-туыстарынан алыстап кеткен адамға.
2. Жаман көршіге.
1. Жоғарыдағы хадистердiң қайсысы көбiрек
әсер қалдырды? Нелiктен?
2. Әдеп-құлыққа тиiстi хадистердi жина.
Тапсырманы орында. Хадистерде насихат-
талған төмендегі қасиеттерді және жаман
ін деттерді екі бағанға бөліп жаз.
Мейір-шапағат, өтірік айту, шындықты айту,
дұш пан дық, әділет, күншілдік, жомарттық, адал-
дық, әділетсіз дік, сатқындық, ар-ождан, зұлымдық,
мақтаншақтық...
Осы бағандарды мазмұнына қарай жалғас-
тырып көр.
35
ДАНЫШПАНДАР ӘДЕП-ҚҰЛЫҚ,
ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ
1. Сенің достарың көп пе?
2. Ең жақын досың кім? Оның қайсы
қасиеттері саған ұнайды?
3. Сені
жақсы
дос
деп
ойлағандарын
қалайсың ба? Бұл үшін не істеуің керек?
ӘДЕПТІ ӘДЕПСІЗДЕН ҮЙРЕНДІМ
Лұқпан әкімнен сұрапты:
– Әдепті кімнен үйрендің?
– Әдепсізден, – деп жауап беріпті ол.
– Әй, неге енді? – деп таң қалыпты.
– Әдепсіздің қайсы ісі көзіме жаман көрінсе, сол
істерді мен істемедім.
«Шығыс нақылдарынан»
1. «Әдепті әдепсізден үйрен» деген мақалды
қалай түсінесің?
2. Біреудің орынсыз іс-қимылына сен қын-
жылғансың ба? Одан қандай қорытынды
шығардың?
Ата-бабаларымыз ежелден адамдарды жақсы
мінез-құлықты болуға шақырып отырған. Өйткені
адам әдеп-құлқымен сұлу.
36
Сайыпқыран
Әмір
Темір
былай
дейді:
«Кішіпейілділігім,
мейір-ша пағатыммен
халықты
өзіме ба ғындырдым. Әділет пен жұ мыс жүргізіп,
зұлым дық тан ау лақ болуға ұмтыл дым».
Ал бағзы бір за манда бір данышпан пер зен тіне
былай деп насихат берген екен:
– Ей, перзент, өмірде же тістікке жету үшін мы-
надай на сихаттарға жүгін:
• Адал бол, еңбекті сүй. Адал еңбек еткен адам
екі дүниеде де кем болмайды.
• Жалқаулықтан аулақ бол. Күш-қайратты өзіңе
ұран етіп ал. Әрқашан қозғалыста бол, алға
ұмтыл.
• Сақ бол. Барлық істе тәр тіп-ережеге мойынсұн.
• Саған тапсырылған мін дет терді бұлжытпай орында.
• Шынайы,
адал
жүректі,
ар-ожданды
және
турасөзді бол.
• Сабырлы, баршаға мейірбан да қамқоршыл бол.
• Киінуде, жүріс-тұрыста қарапайым бол және
табиғи жолды таңда. Тәкаппар болма.
кІММЕН ДОС БОЛУ кЕРЕк?
Данышпандардың айтуынша, үш топтағы адамдар-
мен дос болу мүмкін:
1. Білімді адамдармен. Себебі олар өз өмірін бі-
лім алумен, әдепті болумен өткізеді.
2. Адамгершілігі бар адамдармен. Олар доста ры-
ның айыбын жасырады, ешқашан оны жария етпейді.
Жалғыз қалғанда досының айыбын өзіне айтып,
түзетуге жәрдем береді.
37
3. Өз пайдасын ойламайтын, батыл адамдармен.
Олардың достығы шынайы болады. Достықтан пайда
табуды ойламайды.
«Шығыс нақылдарынан»
1. Сеніңше, адам досының айыбын жасыру
керек пе? Сен досыңның айыбын өзіне ай-
тып, оны түзетуге жәрдем бере аласың ба?
2. «Қазанға жақын жүрсең, қарасы жұғады»
деген мақалдың мағынасын қалай түсіне сің?
Шын дос сол, ол ешқашан досына рен-
жімейді, ренжіген болса да кешірімін қабыл-
дайды.
Әмір Темір
Жаңа дос тапсаң, ескі досыңды ұмытпа,
одан бас тартпа. Сен көп дос арттыруға әрекет
жаса. Жақсы достар адамның теңдесі жоқ
байлығы.
Қайқауыс
Ақымақ досты дос деп санама. Өйткені ол
ақымақтығы арқылы саған зиян тигізеді.
Әлішер Науаи
Достық туралы өлең, мақал-мәтел неме-
се ерте гілерден үзінділер жинап, дәптеріңе
жаз.
38
ЖОМАРТТЫҚ ПЕН кҮНШІЛДІк.
СЫЙ БЕРУ ЖӘНЕ СЫЙ АЛУ ӘДЕБІ
Алланың көңілі кең, өзі де сондай адамдар-
ды дос деп санайды. Әдебі жақсы адам-
дарды ұнатып, әдепсіздерді ұнатпайды.
Жомарттық
дегені
өзінің
бар
нәрсесін
басқалармен бөлісу дегені. Жомарт адам бірер
нәрсеге яки көмекке мұқтаж болған адамға сөзсіз
көмектеседі. Жомарт баршаға бірдей жақсылық жа-
сайды, бірақ оның орнына ешнәрсе алмайды.
Ал күншілдік дегені біреуге еш нәрсе бермеу
және басқалардың жетістігін көреалмау дегені.
Халқымызда «Күншілдің күні қараң» деген мақал
бар. Күншіл адам қаншалықты шіренбесін, бәрібір
ісінде, отбасында береке болмайды. Күншілдікті
әдет еткен адам басқаларға жасаған жамандығы
үшін әлбетте жазасын алады.
Қасыңдағы адамдардан кімді жомарт деп
айта аласың? Одан үлгі алуға әрекет
жасайсың ба?
ЖАНАР НЕГЕ ҰЯЛЫП ҚАЛДЫ?
Еңбек сабағында мұғалім Өзбекстан жалау-
ын жасаймыз деді. Кәміл таңертең асыққанынан
желім мен түрлі түсті қағаздарын ұмытып кетіпті.
Сондықтан ол:
39
– Жанар, түсті қағазыңнан, желіміңнен пайдала-
нып тұрсам болады ма? – деп сұрады.
– Өзімде аз ғана қалған еді, – деп жауап берді
Жанар.
Мұны көрген Назым:
– Кәміл, менің заттарымды пайдалана ғой, – деді.
Ертеңіне сурет сабағында Жанар бояуларын
әкелуді ұмытып кеткен екен. Ол кешегі ісі үшін дос-
тарынан бояу сұрауға ұялды. Мұны байқаған Кәміл:
– Жанар, кел бірге сурет саламыз. Саған қайсы
бояу реңін берейін? – деді.
Жанар өзінің ісінен ұялды.
1. Жанардың неге ұялып қалғаны туралы
пікірлес.
2. Адам достарының алдында ұялып қал-
мауы үшін не істеу керек?
Сый беру арқылы жақын адамдарымыз бен
достарымызға қаншалықты көңіл бөлетінімізді
білдіреміз және олардың көңіл-күйін көте-
реміз.
1. Қандай күндерде адамға сый беріледі?
Соңғы рет кімге және неліктен сый
бергенсің?
2. Туылған
күніңе
немесе
мерекелерде
қандай сый алуды қалайсың?
Айнұрдың туылған күніне қонақтар келді. Оған
кітаптар, ойыншықтар сыйлады. Бірақ Айнұр сыйға
40
ұялы телефон алуды қалаған болатын. Сондықтан
ол қабағын түйіп алды да: «Маған сыйлықтар
ұнаған жоқ», – деді.
1. Сеніңше, Айнұрдың істегені дұрыс па?
2. Егер саған берілген сыйлықтар ұнамаса,
мұны қасыңдағыларға білдіресің бе?
Төмендегі тапсырманы дәптеріңе көшіріп,
толтыр.
кімге қандай сыйлық таңдаймын?
Атама_______________________________________
Әжеме_______________________________________
Әкеме______________________________________
Апама______________________________________
Ініме (ағама)_________________________________
Сіңліме (әпкеме)______________________________
Досыма______________________________________
Ұстазыма_____________________________________
Сыйды алған кезде әлбетте рахмет айту ке-
рек. Сый ұнамаса, оны сыйлаған адамға яки
қасыңдағыларға білдіру әдепке жатпайды.
Сыйлықты таңдау оңай емес. Сыйдың кімге бері-
летінін есте жақсы сақтау керек. Сыйды таңдаған
кез де ол адамның жасына, талғамына және қызы-
ғуына сәйкес болсын.
Сыйдың үлкен-кішісі болмайды. Ең маңыздысы,
кө ңіл бөлу. Өз қолымызбен жасаған сыйымыз да
жақын адамдарымызды қуанта алады.
41
ТІРІ ЕСкЕРТкІШ
Сол күні біз аға-сіңлі – Асан-Зәуре екеуіміздің
туылған кү німіз болып, достарымызды күтіп отыр
едік. Олар бі рінен кейін бірі айтылған уақытта
келіп, үстелге отырды.
– Асан
сені
туылған
күніңмен
құттықтай-
мын, – деп Райым маған бір құты түрлі түсті қалам
берді, ал сіңілім Зәуреге қып-қызыл қызғалдақ сый-
лады.
Мұқаддас дәптер, кітап сыйлады. Бақыт шоко-
лад әкелген болса, Тайыр сұлу көрініс бейнеленген
сурет әкеліпті.
Ал бәрінен кейін келген Марат туылған күнімізге
бір түп өрік көшетін әкеліпті.
– Ой, – деп жіберді сіңлім Зәуре.
– Көшетті не істейміз? – деппін мен де.
Марат та бос келген жоқ:
– Әуліңе егіп қоямыз. Жақсы өрік екен, әкем
берді. Өзі өсірген, – деді.
Көшетті қаламасам да оның қолынан алдым да
бір шетке қоймақшы едім, Марат тағы да:
– Жоқ, қазір егеміз, – деп көшетті қолымнан
алды да, апамнан қай жерге егу керек екенін
анықтап, жерді қопара бастады. Сөйтіп, көшетті
өзі егіп, өзі су құйды. Содан соң бет-қолын жуып
келіп, үстел жанына отырды.
Арадан көп уақыт өтті, Мараттан басқа доста-
рым берген сыйлықтар таусылып, кейбіреуі сы-
ҚАЙТАЛАУ
42
нып, тіпті есімізден шығып кетті. Бірақ Мараттың
сыйы – өзі отырғызған өрік көшеті жақсы өсе бас-
тады. Меніңше, ақ өрік биыл мол жеміс сала-
ды. Өрік піссе, әрине Марат пен достарымды
тағы да шақырып, қонақ етпекшімін. Біз сол кезде
Маратқа босқа ренжіген екенбіз. Ол ауламызға тірі
ескерткіш орнатқан екен. Оның сыйы ең жақсы,
ұмытылмайтын сый болып қалды.
Собит Ғафуров
1. Асан алғаш Марат әкелген сыйға қалай
қа рады?
2. Күтпеген сыйлық беру немесе алу адамға
қа лай әсер етеді? Сен бұған дайынсың ба?
Сөзжұмбақты шеш
1. Өміріміздің кіршіксіз
ке зеңі.
2. Адамдар
арасын-
дағы ме йір бандық.
3. Ақыл-ойға толы ке-
зең.
4. Бейбiтшiлiк.
5. Қолы ашық болу.
6. Бі реу ді кө ре алмау-
шы лық.
Б
ЛЫҚ
У
Р
Ы
Ж
Б
ТЫҚ
ДЫҚ
43
ЕҢБЕГІҢНЕН ЕЛ ТАНЫР
Мақалдарды оқып, мазмұнына көңіл бөл.
Еңбегің қатты болса,
Татқаның тәтті болады.
* * *
Еңбек еткен емеді,
Еңбексіз не өнеді.
* * *
Адам жерге нәр береді,
Жер адамға нан береді.
* * *
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
* * *
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
* * *
Адам өмірі еңбекпен көрікті. Біз жасаған зат-
тар, киімдер, тұтынатын тағамдар – барлығы бірер
адамның еңбегі арқасында жасалады.
Адамның қолы – гүл. Ол қаласа, тасқа гүл салады,
әшейін саз-балшықтан әдемі заттар жасай алады.
Жалқаулық – жаман індет. Жалқау адам ешқашан
мақсатына жете алмайды.
44
ТАСТЫ кЕСкЕН АРҚАН
Ұлы дәрігер Әбу Әли ибн
Сина бала кезінде матема-
тиканы онша ұнатпаған екен.
Себебі ол бұл пәнді өте қиын,
деп ойлаған көрінеді.
Бір күні ибн Сина қыр-адырда
кетіп бара жатып бір құдыққа
кездесіпті. Шөлін қан дыру үшін
құдыққа шелек тастапты. Су ды
тартып алып жатқанда құ дықтың
аузындағы мәрмәр шең берге на-
зар аударыпты. Шеңбер шелек-
ке байланған арқанның үйкелуінен жейіліп кеткен екен.
Ибн Сина ойға шомыпты:
Арқан жұмсақ болса, қалайша берік мәрмәр
тасты кесуі мүмкін? Демек, қаншалықты қиын
болғанымен, бірер істі атқару үшін күш-қуат,
сабыр-төзіммен тынымсыз еңбек ету керек екен
ғой! Мен математиканы түсінбеймін, егер әрекет
етсем, әрине үйреніп аламын.
Сөйтіп, ғұлама математиканы толық меңгеріпті.
Ибн Сина әр кез қиын іске жолыққанда
мәрмәрдi кескен арқанды есіне алатын болыпты.
1. Сеніңше, ибн Синаның әлемге әйгілі
ғалым болуының сыры неде?
2. Қиын істі бұл менің қолымнан келмейді,
деп тас тап қою дұрыс па?
|