Оқулық Түзетілген және толықтырылған үшiншi басылымы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата31.01.2017
өлшемі5,69 Mb.
#3123
1   2   3   4   5

45

ЕҢБЕк

Н.  Жанаев

Гүл  өсірсең  терлеп,

Мұның  аты  –  еңбек.

Кесте  тіксең  зерлеп,

Мұның  аты  –  еңбек.

Сабағыңа  жөндеп,

Әзірленсең  –  еңбек.

Қиындықтың  бәрін

Еңбек  қана  жеңбек.

«Еңбек»  деген  өлеңді  жаттап  ал.



46

1.  Ата-анаң  қайсы  салада  жұмыс  істейді?

2.  Үлкен  болғаныңда  кім  болмақшысың? 

Төмендегі  пікірлерге  сай  келетін  жауаптарды 

суреттерден    тауып,  дәптеріңе  жаз:

1.  Балаларға  тәлім-тәрбие  береді...

2.  Адамдарды  емдейді...

3.  Сұлу  ғимараттарды  құрады...

4.  Дәмді  тағамдар  пісіреді...

5.  Әдемі  киімдер  тігеді...

6.  Адамдардың  алысын  жақын  етеді...

7.  Отанын  қорғайды...

8.  Сан-алуан  жеміс-жидек,  көкөніс  өсіреді...

МАМАНДЫҚТАР  ӘЛЕМІ


47

АҒАЛЫ-ІНІЛІ  СИНДОРОВТАР  —  ӘЛЕМ 

ЧЕМПИОНДАРЫ

Шахмат  ақылды  шарықтайды.  Ой-сананы  өсіріп, 

дұрыс  шешім  қабылдауға  үйретеді.  Адамның  өсіп-

кемелденуінде  осы  спорт  түрінің  орны  үлкен.

Өзбекстандық  ағалы-інілі  шахматшылар  Жаво-

хир  мен  Исламбек  Синдоровтар  халықаралық  жа-

рыстарда  жеңімпаз  болып,  еліміздің  даңқын  әлемге 

танытты.  Олар  әлемнің  ең  күшті  спортшы  жаста-

рын  жеңіліске  ұшыратты.  Жавохир  мен  Исламбек 

өзбек  жастары  әрбір  салада  озат  екенін  тағы  да 

дәлелдеді.

Елімізде  жастарға  өз  қабілетін  көрсетуге  барлық 

жағдай  жасалған.


48

Бүгінде  өзбек  жастары  спорт,  музыка,  өнер, 

ғылым-білімнің  түрлі  салаларында  үлкен  жетіс-

тіктерді  иелеп  отыр.

Әрбір  адам  қабілетке  ие.  Оны  жарыққа  шығару 

үшін  тынбай  еңбек,  ықылас  пен  сабырлылық  талап 

етіледі.  Алдына  нақты  мақсат  қойып,  бар  ынтамен 

ұмтылған  адам  сөзсіз  оған  жетеді.

1.  Ағалы-інілі  Синдоровтардың  жеңістері  сенде 

қандай  әсер  қалдырды?

2.  Олар  мұндай  үлкен  табыстарға  жетуінің 

себебі  неде?

3.  Құрдастарыңның  арасында  үлкен  жетістік-

терге  жеткендер  бар  ма?  Олар  туралы 

әңгімелеп  бер.

Көз  алдыңа  келтіріп  көрші,  сен  журналиссің. 

Ата-анаңмен  мамандық  таңдау  бойынша 

сұх баттастың.  Олардан  мына  сұрақтарға  жа-

уап  алып,  дәптеріңе  жазып  қой:

1.    Неліктен  дәл  осы  мамандықты  таңдаған-

сыз?

2.    Осы  мамандықты  иелеу  үшін  қанша 



уақыт  және  еңбек  талап  етіледі?

3.    Мамандығыңыздың  жақсы  және  жаман 

жақ та рын  айтыңыз.


49

ТАЗАЛЫҚ  –  АДАМ  кӨРкІ

Тазалық  адамның  қалай  киінуінде,  әдет-құл-

қында,  жүріс-тұрысында,  заттарды  қалай 

сақ тайтынында  көрінеді.    Тап-таза  жүретін 

адамға  бар шаның  әуесі  келеді.

ТАЗАЛЫҚ  ДЕГЕН  НЕ?

Арман  3-сыныпта  оқиды.  «Әдепнама»  сабағында 

мұ ғалім  тап-таза  бала  қандай  болуы  керек  екені 

туралы  айтты.  Арман  ұстазының  сөздерін  естіп,  

өзінен  ұя лып  кетті.  Себебі  ол  өзін  таза  және 

тәртіпті  бала  деп  айта  алмайтын  еді.  Арман  сол 

күннен  бастап  тап-таза  болып  жүремін,  деп  өзіне 

сөз  берді.

Үйіне  барған  соң,  аяқ  киімін  сүртіп  орны-

на  қойды.  Сөмкесін  күндегідей  есік  алдына  емес, 

өзінің  бөлмесіне  апарып  қойды.  Киімдерін  шкафқа 

ілді.  Үстелі  үстінің    шашылып  жатқанын  көріп,  де-

реу  жинап  қойды.  Бет-қолын  жуып,  шашын  тарады. 

Апасы  жұмыстан  келгенше  асханадағы  ыдыстарды 

жуып,  шаңдарын  сүртті.  Бұны  көрген  апасы  қуанды:

–   Тап-таза,  ақылды  баламнан  айналайын,  –  деп 

мақ тады.

–    Апа,  енді  бөлмемді  өзім  жинаймын.  Сіз  күн  бо-

йы  жұмыс  істеп  шаршап  келесіз.  Бүгіннен  бастап 

сізге  сіңлім  екеуміз  үй  жұмыстарын  істеуге    көмек те-

семіз,  –  деді.  Апасы  Арманның  бұл  сөздеріне  қуанып 

қалды.


50

1.  Оқу  құралдарын  қалай  сақтау  қажет?

2.     Сеніңше,  осы  ережелерге  тағы  қандай 

қо сымша  қосуға  болады?

1.   Кітап 

парақтарын 

жырт-

пау, 


бүктемеу, 

оларға 


сыз-

бау  керек.  Кітаптағы  суреттерді 

қырқып 

алу 


әдеп тілік 

емес. 


Жыртылған  парақтарды  желімдеу, 

қолдың  және  қаламның  іздерін 

өшіргішпен  өшіру  қажет.

2.   Әрбір  пәнге  арнайы  дәптер 

арнау  керек.  Дәптерді  арнайы 

орағышпен  орап,  оған  артықша 

нәрселерді  жазбау  керек.

3.   Қаламдар  арнайы  қалам сап-

та  сақталса,  ұшы  сы на  бер мейді.

4.   Сұйық  желім  мен  бояу-

ларды  арнайы  қорапқа  неме-

се  сөмкенің  бөлек  бір  қалтасына 

салу  қажет.

Суреттерге  назар  аудар.  Балаларға  ат  қойып,  су-

ретте  бейнеленген  көрініске  қарап  ауызекі  әңгіме 

құр.         

Киім-кешектерді  қалай  сақтау  керек  екені  ту-

ралы  мәтін  құр. 

Төмендегі  ережелерді  жаттап  ал:


51

Медицина  ілімінің  сұлтаны  ибн  Сина  ұзақ 

өмір  сүру  тазалыққа  байланысты  екенін 

айтқан. 


ӨС,  ҰЛАН!

    Ө.Тұрманов

Сау  болсын  десең,

Он  екі  мүшең  –  ерте  тұр!

Құлақ  түр, 

Тыңда  сыр.

Жапырақтар  жырлар,

Гүлдер  сыбырлар,

Күн  нұрын  күт!

Таза  ауа    жұт  –  бойыңа  құт.

Жүгір,  селмен  жарысып.

Жүгір,  желмен  жарысып.

Нұрға  сылан,  болып  қыран

Өс,  ұлан!

Тазалықты  ұстау  денсаулыққа  өте  қажет.  Се-

бебі  көптеген  аурулар  тазалықты  ұстамау 

салдарынан  туындайды.



ТАЗАЛЫҚ  –  ДЕНСАУЛЫҚ  кЕПІЛІ

52

Көзге  көрінбейтін  микробтар  денсаулығымыздың 

жауы.  Бірақ  оларға  қарсы  күресуге  болады.  Бұл 

үшін  тек  суды  пайдалану  және  ерінбеу  керек. 



«Әдепнама»  сабағында  мұғалім  оқушыларға 

таза лық  ты  ұстау  ережелерін  жазуды  тапсырды. 

Райхан  тапсырманы  былай  орындады:

1.   Тамақтанудан  бұрын  ең  алдымен  қолды  са-

бындап  жуу.

2.    Таңертең  және  кешқұрым  жатудан  бұрын 

тістерді  тазалау.

3.   Тырнақтарды  өз  уақытында  алу.

4.   Арнайы  сүлгі  және  беторамалды  пайдалану.

5.   Киімдерді  және  шұлықтарды  өз  уақытында 

ауыс тыру.

6.   Жемістерді  жуып  жеу.

7.   Қайнатылмаған  суды  ішпеу.

Сен  осы  ережелерге  тағы  қандай  қосымша 

қосқан  болар  едің?

Төмендегі  заттардың  қайсысы  тазалыққа 

жатпайды?   


53

Бекжанның  таңертеңгі  күн  тәртібі  дұрыс  жа-

салған  ба?  Оны  тәртіп  бойынша  қайта  жа-

сап  шық. 

Бекжан  ұйқыдан  тұрды.  Таңертеңгі  тамағын  жеді. 

Туфлиін  киді.  Қажетті  кітап-дәптерлерін  сөмкесіне 

салды.  Төсек  орнын  жинады.  Бет-қолын,  тістерін 

жуды.  Киімін  киді.  Ата-анасына  сәлем  берді.  Мек-

тепке  кетті.

«Күн  тәртібі»  кестесімен  таныс.  Сен  де 

күнді  сол  тәртіп  бойынша  өткізесің  бе?

Төмендегі  кестені  уақытты  қойып,  толтыр. 



күн  тәртібі

Уақы-

ты

күн  тәртібі

Уа-

қыты

Ұйқыдан  ояну                                      

Үйірме  және  спорт 

жаттығуларына  бару

Дене  шынықтыру                 

және  жуыну                                        

Үй  жұмыстарына

көмектесу

Таңертеңгі  тамақ

Кешкі  тамақ

Мектепке  бару

Сабақ  дайындау

Мектептен  қайту

Жанұялық  сұхбат

Түскі  тамақ

Теледидар  көру

Дем  алу

Ұйықтау


Өзің  күнде  пайдаланатын  тазалықты  сақ-

тайтын  құралдардың  суретін  сал.  Сол 

құрал  дардың  қалай  қолданылатыны  және 

пайдасы  жөнінде  айтып  бер.



54

ҰҚЫПТЫЛЫҚ  ПЕН  ЖИНАҚЫЛЫҚ

Ұқыптылық  –  жүріс-тұрыста,  киінуде  және 

тамақтан ғанда,  тазалықты  ұстауда  көрінеді.



Жинақылық  –  барлық  жұмысты  ойдағыдай 

орындау,  заттарды  ретімен,  абайлап  сақтау.



Төмендегі  жағдайдан  қалай  қорытынды

жасауға  болады?

Назерке  мен  Сәлима  бір  ауылда  тұрады.  Олар 

әр  күні  мектепке  бірге  барады.  Бір  күні  Назер-

ке  құрбысының  үйіне  барды.  Сәлиманың  шашта-

ры  тарал маған,  оқу  құралдары  әр  жерде  шашылып 

жат қан  екен.

–  Сәлима,  неге  дайын  емессің?  Әлде  ауырып 

қалдың  ба?  –  деп  сұрады  Назерке.

–  Апам  ауруханада  еді.  Таңертеңгі  ас  дай-

ын  емес,  киімдерімді  таба  алмай  жатырмын,  –  деді 

Сәлима.

–  Құрбым-ау,  сол  істерді  өзің-ақ  орындасаң  бо-



лады  ғой.  Енді  сен  жас  бала  емессің.  Кел,  мен 

бүгін  саған  көмектесейін,  –  деді  Назерке.  Сәлима 

құрбысының  алдында  қобалжып  қалды.

–  Апам  да  солай  дейтін.  Бірақ  мен  тыңдамайтын 

едім.  Енді  оның  айтқанын  істеймін,  –  деді.

1.  Сәлима  өз  бойындағы  қайсы  әдеттерді 

жоюы  ке рек?

2.  Сен  өзіңді  ұқыпты  әрі  жинақы  деп 

ойлайсың  ба?


55

кәрімге  қалай  көмек  бересің?

Кәрім  мектепке  барғанша  көшедегі  күшіктер  мен 

мысықтарды  қуып,  оларға  тас  лақтырады.  Ол  лақ-

тырған  тастар  кейде  адамдарға  да  тиіп  кетеді. 

Ал  Кәрім  кешірім  сұраудың  орнына  қашып  кетеді. 

Әнеугүні  ол  Тасболат  атаның  терезесін  сындырды.

Кәрім  сабақта  да  тыныш  отырмайды.  Партаға, 

сынып  қабырғаларына  кейбір  сөздерді  жазып,  сурет 

сызады.  Сыныптастарына  сөйлеп,  көңілін  бөледі.

Кәрім  өз  заттарын  да  аямайды.  Бір  күні 

дәптерін  немесе  ручкасын,  ал  басқа  күні  бас  киімін 

жоғалтады.  Тура  жол  тұрса  да,  үнемі  лай-тастақ 

жолдармен  жүреді.  Сондықтан  ата-анасы  оған  жиі-

жиі  киім  сатып  әперуге  мәжбүр.  Кәрімге  Сенің 

көмегің  керек.  Оған  қалай  көмектесе  аласың? 

Төмендегі  суреттерде  көрсетілген  заттарды 

қай  жерде  және  қалай  сақтау  қажет?


56

Азық  –  адамның  өмір  сүруі  үшін  қажетті 

бола тын  заттар.  Мысалы,  су,  азық-түлік, 

киім-ке шек,  зат-бұйым,  уақыт  және  басқалар.

Үнемділік  –  азықтарды  қадірлеу,  мөлшермен 

жұм сау  дегені.



Ысырапшылдық  –  азықтарды 

қадірлемеу 

жә  не  мөлшерден  тыс  жұмсау  дегені.

Үнемділік  –  жақсы  қасиет.    Үнемшіл  адамның  от-

басында  береке,  ісінде  өнім  болады.  Кімде  кім 

өзіндегі  бар  нәрсені  үнемдеп  жұмсаса,  ол  көпке 

жетеді.

Ал  ысырапшылдық  ең  жаман  әдеттердің  бірі.  



Сон дықтан  ата-бабаларымыз  үнемдеп  жұмсауға  ша-

қырған.


Хадистерде  де  «Кімде  кім  үнемшіл  болса,  еш-

қашан  кембағал  болмайды»  деп  жазылған.  Жас  ке-

зінен  үнем шіл  болуға  үйренген  адам  ешнәрсеге 

мұқтаж  болмайды.



ӘЖЕНІҢ  НАСИХАТЫ

Әнуар  таңертеңгі  асын  асығып  жеді.  Ол  үлкенірек 

нан  бөлігін  алды  да,  бір-екі  рет  тістеді,  тәтті  шайын 

да  ақырына  дейін  ішкен  жоқ.  Мұны  байқап  отырған 

әжесі:

–  Балам,  нанды  қалдырмай  жеп,  шайыңды  ішіп 



қоймайсың  ба?  –  деді.

ҮНЕМДІЛІк.  АТА-БАБАЛАРЫМЫЗ

ҮНЕМДІЛІк  ТУРАЛЫ

57

–  Қарным  тойды,  жегім  келмей  жатыр,  –  деді 

Әнуар.

–  Бұл  ісің  жақсы  емес,  балам.  Есіңде  болсын, 



ысы  рапшылдық  –  ең  жаман  әдет.  Әр  нәрсенің  обалы 

бар.  Нені  қорласаң,  соған  зар  боласың.  Адамдар  бір 

жапырақ  нан  үшін  жанын  берген  кездер  де  болған. 

Сенің  мынау  ісің  тойып  секірумен  бірдей.  Бұдан  бы-

лай  бұл  ісіңді  қой.  Барлық  нәрседен  өзіңе  керегін 

ғана  ал.

–  Мақұл  әже,  –  деді  Әнуар,  сөйтіп  бұл  сөздерді 

ұмытпауға  уәде  берді.

Әдепті  бала  оқу  құралдарын,  киім-кешектерін 

реттеп,  ұқыпты  сақтайды,  ысырап  етпейді. 

Себебі  бұл  заттарды  ата-анаң  еңбек  етіп  ал-

ған.  Біз  өз  заттарымызды  абайлап-сақтау  ар-

қылы  жанұямызға  көмек  берген  боламыз.

Тұрмысымызда  үнемшіл  болу  арқылы  тек  жан-

ұя мызға  ғана  емес,  елімізге  де  пайда  келтіреміз. 

Босқа  ағып  тұрған  судың  шүмегін  бұрап  қою,  жағулы 

қалған  шырақты  яки  газды  сөндіру  арқылы  көп  қар-

жыны  үнемдеуге  болады.

Әдепті  бала  мектебіндегі  және  қоғамдық 

орындағы  заттарды  да  сақтайды.  Өйткені  біз  

пайдаланып  жатқан  заттар  басқаларға  да, 

іні леріміз  бен  сіңлілерімізге  де  қызмет  етуге 

тиіс.


58

1. Оқу  құралдарын  абайлап-сақтап  қолдану 

де генді  қалай  түсінесің? 

2. Ысырапшылдықтың  ақыры  неге  әкеп  со-

ғады?

3. Сен  өзіңді  үнемшіл  деп  ойлайсың  ба? 



Мысалдар  келтір.

Үнемшілдік  туралы  мақалдар

Жатып  жегенге  тау  да  шыдамайды.

*    *    *

Сақтасаң  –  мың  күндік,

Сақтамасаң  –  бір  күндік.

*    *    *

Тама-тама  көл  болар,

Тамбай  қалса  шөл  болар.

*    *    *

Есеп-қисабын  білмеген,

Әмиянынан  айрылар.

Уақытты  қалай  пайдаланғаның  туралы  пікір-

лесіп,  оған  мәтін  құра.

1. Нан  туралы  қандай  өлеңдер,  әндер  мен 

ма қал  дарды  білесің?

2. Дастарқанды  нансыз  көз  алдыңа  келтіруге 

болады  ма?

НАННЫҢ  ҰСАҒЫ  ДА  –  НАН


59

3. Нанды  қалай  қадірлеу  керек?  Бұл  жө-

нінде  үл кен дерден  қандай  насихат  есті-

генсің?


Нан  –  ғазиз  әрі  шипалы  азық.  Өмірдің  жасам-

паздығы, 

дастарқанның 

молшылдығы 

нанмен 

өлшенеді.  Әлем де  ешнәрсе  нанның  орнын  баса  ал-



майды.  Сол  себепті  ата-бабаларымыз  нанды  өте 

қадірлеген.  Нанның  ұсағын  обал  етпеуге  үндеген. 

Ал  нанды  ысырап  етуді  үл кен  күнә  деп  санаған.

НАН  МЕН  кІТАП

–  Өмірде  ең  күштісі  де,  ең  қадірлісі  де  сенсің. 

Мені  де  сен  дүниеге  әкеліп,  шарықтап  өсіріп, 

ұлғайттың.  Сондықтан  саған  өмір  бойы  бас  июді 

парызым  деп  санаймын,  –  депті  Ақыл  Кітапқа.

–  О,  досым,  мені  өте  мақтап  жібердің  ғой.  Біл-

месең  біліп,  құлағыңа  құйып  ал.  Дүниеде  менен 

де  қымбаттырақ  нәрсе  бар.  Бұл  –  Нан!  Мен  нанның 

алдында  қарыздармын,  –  деп  жауап  беріпті  Кітап.

–  Нан?  –  деп  таң  қалыпты  Ақыл.

–  Иә,  Нан  менен  де  қадірлі.  Өйткені  қарны  аш 

адамның  құлағына  сөз  кірмейді.  Сен    рахметті  ме-

нен  бұрын  Нанға  айт.

1. Кітап  Нанның  қадірлі  екенін  қандай  сөз-

дермен  түсіндірді?

2. «Нансыз  өмір  сүруге  болмайды,  сөзді  өл-

шеуге  болмайды»  дегенді  қалай  түсінесің?


60

Нанды  әзірлеп,  дастарқанға  қою  оңай  жұмыс 

емес.  Диқан  атамыз  күзде  жер  жыртып,  тұқым 

себеді.  Өніп  шыққан  өнімдерді  өз  баласындай 

мәпелеп  күтіп-бап тайды.  Бидайды  орып,  қоймаға 

жеткізу  және  диір менге  салып  ұнтақтағанға  дейін 

қаншама  адам  тер  төгеді.

Апамыз  одан  қамыр  илеп,  хош  иісті  әрі  то-

йымды  нан  пісіреді.  Нанды  қадірлемеу,  соншама 

адамның  еңбегін  қадірлемеу  болып  табылады.

•  Нанды  арнайы  таза  ыдыста  сақта.

•  Нанның  керегінен  артығын  ұсатпа.

•  Нанды  кез  келген  жерде  қалдырма.

•  Нанды  қоқысқа  тастама.

•  Қалған  нандарды  кептірілген  немесе  тал-

     қан  күйінде  пайдалан.

Өзбек  халқы  өз  нандары-

мен  әлемге  әйгілі.  Әсі ресе, 

Самарқант  нандарының  даңқы 

бүкіл 


әлемге 

паш 


етілген. 

Бұл 


нанды 

тек 


Самарқант 

жерінде  ға на  әзірлейді.  Өзбек 

халқы  шыжық,  ет,  пияз,  седа-

на,  күнжіт,  сары  май  қосылған  пәтірлерімен,  шел-

пектерімен,  таба  нандарымен  әлемге  танылған.     

1.    Әжеңмен  немесе  апаңмен  нанды  қалай 

әзір леу,  сақтау  туралы  әңгімелес.

2.    Нан  туралы  аңыздар  мен  ертегілерді 

оқып,  маз  мұнын  айтып  бер.


61

1. Сусыз  өмірді  елестетуге  болады  ма?

2. Күн  бойы  суды  не  үшін  және  қайсы 

мақсатпен  пай даланасың?

Су  –  тіршілік  көзі.  Су  болмаған  жерде  өмір  де 

болмайды.  Жануарлар  да,  өсімдіктер  де  су  болған 

соң  өмір  сүруде.

Су  таусылмайтын  қайнар  емес.  Сондықтан  оны 

қа дірлеу  керек.  Бұрынғы  заманда  аталарымыз  суға 

тү кіруді,  қоқыс-қалдықтарды  тастауды  күнә  деп 

санаған.  Суды  ластаған  адамды  жазалаған.

Әлемде  ауыз  суы  тапшы  болған  мемлекеттер 

көп.  Африка  және  араб  елдерінде  адамдар  суды 

алтынның  бағасына  сатып  алады.  Суды  сақтау, 

үнемдеу  әр біріміздің  борышымыз.   

НАН  МЕН  СУДЫҢ  ҚАДІРІ

Көне  заманда  бір  бай  мен  бір  кедей  адам  алыс 

сапарға  аттаныпты.  Межеге  жететін  жол  шөл-шө-

лейт  арқылы  өтеді  екен.  Бай  бір  қап  толған  алтын-

гау һарларын  көтеріп  алыпты.  Ал  кедей  қапшық 

толған  нан  және  бір  мес  су  алыпты.  Олар  көп 

жол  жүріпті,  жол  жүрсе  де  мол  жүріпті.  Аштықтан, 

шөлден  байдың  сілесі  құрыпты.

–  Әй  досым,  байлыққа  сеніп,  қателескен  екенмін. 

Маған  да  нан-суыңнан  берші,  –  депті.  Серігі  оған 

нан-су  беріпті.  Сонымен  олар  көздеген  жеріне 

аман-есен  жетіп  барыпты.



СУ  –  ТІРШІЛІк  кӨЗІ

62

Бұдан  нан-су  әрқандай  байлықтан  да  қымбат 

әрі  қадірлі  екенін  білуге  болады.

1.   Осы  аңыз-әңгімеден  қандай  қорытынды 

жаса дың?

2.  Адамның  өмір  сүруі  үшін  қажет  болған 

нәр селерді  айтып  өт. 

Суды  үнемдеу  үшін  мыналарды  орында:

1.  Шүмектен  тамшылап  тұрған  суды  жауып  қой.

2.  Арық  пен  әуіздерге  қоқыс-қалдықтарды  тас-

тама.


3. Босқа  ағып  жатқан  суды  көрсең  үлкендерге 

хабарла.


4. Суды  мөлшерімен  пайдалан.

Суды  қайсы  мақсатпен  және  не  үшін  пай-

далану 

туралы 


пікірталас 

жүргізіңдер. 

Жауаптарыңды  дәптерге  төмендегідей  етіп 

жазыңдар.



 

СУ

63

СУ

            Е.  Өтетілеуұлы

Су  –  тіршілік  негізі,

Онсыз  өмір  сүрмейсің.

Гигиена  –  егізі

Су  деп  және  білгейсің.

Су  –  табиғат  байлығы,

Өзен-көлге  барғайсың.

Кемі  екі  рет  әр  күні

Суға  түсіп  тұрғайсың.

Су  сергітер  денеңді,

Онымен  дос  болғайсың

Судан  кейін  сен  енді 

Ісіңді  оңай  жалғайсың.

«Су»  деген  өлеңді  жаттап  ал.  Жанұяңда 

суға  деген  көзқарас  және  оны  қалай  пайда-

ланатыны  туралы  әң гімелеп  бер.



64

ӘкЕНІҢ  ӨСИЕТІ

(Өзбек  халық  ертегісі)

Ежелгі  заманда  бір  шалдың  үш  ұлы  болған 

екен.  Шал  өлімі  алдынан  ұлдарына  былай  деп 

өсиет  етіпті:

–  Балаларым,  ұйқыны  тәтті  етіп  ұйықтаңдар, 

тамақты  дәмді  етіп  жеңдер.

Бұл  сөзді  екі  үлкен  ұлы  бірдей,  ал  кенже  ұлы 

басқаша  түсініпті.  Үлкен  ұлдар  әуілге  сөре  жасап, 

су  сеуіп,  төсектерді  жұмсақ  қылып  салыпты  да: 

«Тәтті  ұй қы  мынандай  болады»,  деп  жата  беріпті. 

Ал  оянған  соң  түрлі  дәмді  тағамдарды  жеп:  «Дәмді 

тамақты  жеген  осындай  болады»,  деп  жата  беріпті. 

Тек  көп  тамақ  жеп,  аунап  жата  бергендерінен  

тамақтары  сіңбей,  жеген  тамақтың  да,  ұйқының  да 

қызығы  қалмапты.  Ақыры  жейтін  тамақтары  да  тау-

сылып,  бейшара  күйге  түсіпті.

Ал  кенже  ұл  мұқият  теміршілікті  үйреніпті.  Азан-

нан  кешке  дейін  еңбек  еткені  үшін  оның  жеген 

наны,  ішкен  шайы  дәмді,  ал  ұйқысы  одан  да  тәтті 

болады  екен.  Кенже  ұл  еңбексүйгіштігі  арқасында 

әкесінің  өсиетін  орындапты,  ал  байлығы  күн  сайын 

көбейе  беріпті. 



ҚАЙТАЛАУ

65

1. Әкенің  өсиетін  қайсы  ұл  дұрыс  түсінді?

2. Неліктен 

кенже 


ұлдың 

тамағы 


мен 

ұйқысы  тәтті  болды?

Мақалдарды  мазмұнына  қарай  жалғастырып, 

дәптеріңе  жазып  қой.

Еңбек  ет    те

мол  байлық

Өнерлі  – 

алтын  бесік

Денсаулық

міндет  ет

Білім  –

өрге  жүзеді

Ел  іші

бұлақ


66

1. Ғаламшарымыз  –  Жер  туралы  не  білесің?

2. Жер  бетіндегі  өсімдіктер  мен  жануарлар 

әлемі  ту  ралы  қандай  фильмдер  көргенсің 

яки  кітап  оқығансың?

Біздің  ғаламшарымыз  Жер.  Жер  өмір  сүру  үшін 

өте  қолайлы  ғаламшар  (планета).  Ол  сулар,  таулар 

мен  мұз дықтар,  шөлдер  мен  ормандардан  тұрады. 

Жерде  адамдар,  жануарлар  мен  өсімдіктер  өмір 

сүреді.


Жердегі  өмір  тепе-теңдіктерін  сақтауда  әрқандай 

тір шілік  иелерінің,  өсімдіктердің  өз  міндеті  мен 

рөлі  бар.  Табиғат  қатаң  тәртіп  бойынша  жасайды. 

Ондағы  бірер  тіршілік  иелерінің  жойылып  кетуі  сол 

тәртіптің  бұзылуына  себеп  болады.  Ал  бұл  түрлі 

табиғи  апаттарды  туғызады.

Барлық  тірі  организмдердің  өмір  сүруі  үшін  өмір 

бір қалыпты  болуы  қажет.  Ал  жер  бетіндегі  өмірді 

сақтап  қалуға  баршамыз  жауаптымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет