Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет156/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   369
Қол сүйектерінің қаңқасы
Қол сүйектерінің белдеуі 
(cingulum membri superioris
) екі жүп 
сүйектен тұрады: бұғана және жауырын.
Бұғана
Бұғана, 
clavicula,
қолды дене қаңқасымен бекітетін бірден бір сүйек 
болып табылады (71-сурет). Оның функционалдық маңызы зор: ол иық 
буынын кеуде торынан тиісті қашықтыққа ығыстырады, сөйтіп қолдың 
барынша еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Түрлі адам түқым- 
дастардың 
(гоминидтердің) 
бүғаналарын 
салыстырғанда, 
оның 
біртіндеп, қазіргі адамда күшейіп бара жатқан еңбек әрекетіне 
байланысты барынша дамығанын байқауға болады. Ол денедегі дәнекер 
тін (оның ортаңғы бөлігі), қалған бөлігі (шеттері) шеміршек негізінде
140


71 - с у р е т. О ң б ү ғ а н а , 
clavicula.
A - ж о ғ а р ы д а н қараған дағы к ө р ін іс і. Б - асты нан қарағандағы көрінісі.
1 - e x tr e m ita s a c rom ialis; 2 - e xtrem itas sternalis; 3 
im p ression lig.
c o s to c l a v ic u l a r i s ; 4
tubercu lum c o n o id e u m et linea trapezoidea;
5 - fa c ie s articularis acrom ialis.
сүйектенеді, бұл кезде дербес сүйектену нүктесі тек бір ғана (төстік) 
эпифизде (моноэпифизарлы) каланады. Бүғана әрі перихондралды, әрі 
эндохондралды түрде сүйектенеді.
Бүғана жіктелу бойынша аралас сүйектерге жатады және дене мен 
екі - медиалды және латералды шеттерге бөлінеді. Қалыңдаған медиал- 
ды немесе төстік шетінде, 
extremitas sternalis,
төспен буындасуға 
арналған ершіктәрізді буындық беті, латералды немесе акромиалды 
шеті, 
extremitas acromialis,
болады, ол жауырынның акромиалды 
өсіндісімен буындасады.
Оның жазық буындық беті - жауырын акромионымен буындасатын 
жер; төменгі бетінде төмпешік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет