Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет198/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   369
plicae synoviales,
түзеді. Кейде синовиалды катпарларда оларға 
сыртынан өсіп енетін едәуір мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда 
майлы қатпарлары, 
plicae adiposae,
деп аталатын пайда болады, оған 
тізе буынының plicae alares мысал бола алады.
Кейде буын қапшығы жүкарған жерлерінде дөңестер немесе 
сіңірлерді айнала орналасатын немесе буынға жакын бүлшықеттер 
астында - синовиалды каптар, 
bursae synoviales,
түзеді. Олар козғалыс 
кезінде сіңірлер мен бүлшықеттердің үйкелісін азайтады.
3. Буын қуысы
cavitas articularis,
буындык беттер жэне 
синовиалды жарғақпен шектелген саңылаусыз (герметикалы), кеңістік 
болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос куыс емес, буындык 
беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті 
азайтатын синовиалды сүйықтықпен толған. Сонымен катар сұйык- 
тықтардың алмасуында және буындык беттерін іліктестіру арқылы 
бекітуде рөл аткарады. Ол сондай-ақ беттерінің сығылуы және 
соғылуын жүмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буын- 
дардағы қозғалыс - тек сырғанау емес, буындык беттерінің ажырасуы да 
болып табылады. Буындык беттерінің арасындағы қысым теріс 
(атмосфералық қысымнан төмен). Сондықтан олардың ажырасып 
кетуіне атмосфералык қысым кедергі жасайды (кейбір аурулар кезіндегі 
буындардың атмосфералык қысымды сезгіштігі осымен түсіндіріледі, 
ондай науқастар ауа райының өзгеруін болжап айта алады).
169


Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның 
себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда 
буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа 
байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің 
қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі 
жасайды. Байламдар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын 
қосалқы аппарат болып табылады.
Бірқатар буындарда буындық беттерді толықтыратын қосымша 
тетіктер - буын ішіндегі шеміршектер болады; олар талшықты 
шеміршек тінінен тұрады және пішіндері не тұтас шеміршек табақ- 
шалары - дисктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет