Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет195/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   369
s.synchondrosis
(грекше-chondros, 
шеміршек), синхондроз.
III. 
Сүйектер арасында дәнекер тін сүйек тініне ауысса немесе алды- 
мен шеміршек, содан кейін сүйек тініне (хондралды остеогенезде) ауысса, 
онда сүйектер сүйек тіні арқылы қосылады - синостоз (synostosis) (BNA).
Жеке түлға өмірі бойында сүйектердің қосылу сипаты өзгермей 
қалмайды. Сүйектенудің үш кезеңіне сәйкес синдесмоздар синхон- 
дроздар мен синостоздарға айналуы мүмкін.
Синдесмоз, articulatio fibrosa,
сүйектердің дәнекер тін арқылы 
үзіліссіз қосылуы болып табылады.
1. Егер дәнекер тін сүйектердің үлкен аралықтарын толтырса, онда 
мұндай қосылу сүйекаралық жарғақ, 
membrana interossea,
түріне ие 
болады, мысалы, білекте немесе сирақтағы сияқты.
2. Егер аралық дәнекер тін талшықты шоғырлар қүрылысына ие 
болса, онда фиброзды байламдар
ligamenta
(омыртқа бағанасының 
байламдары) түзіледі. Кейбір жерлерде (мысалы, омыртқа доғаларынын 
арасында) байламдар серпінді дәнекер тіннен (synelastosis - BNA) 
тұрады; олар сарғыш түсті (ligg. flava).
3. Бассүйек сүйектері арсында аралық дәнекер тін жүқа қабатша 
сипатына ие болса, онда жіктер, 
suturae,
пайда болады. Ұзара қосы- 
латын сүйек жиектерінің пішініне қарай жіктерді былайша бөледі:
а) 
тісті жік, 
sutura serrata,
бұл жағдайда бір сүйектің жиегіндегі 
тістер басқа сүйек тістері аралықтарына кіріп түрады (бассүйек 
күмбезінің сүйектердің көбісінде осылай).
167


ә) қабыршақты, sutura squamosa, бұл жағдайда бір сүйектің жиегі басқа 
сүйектің жиегімен бастырылады (самай және шеке сүйектері арасын- 
да).
б) 
тегіс, 
sutura plana
- жиектердің жанасуы (бет сүйектерінің 
араларында).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет