Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Б Ұ Л Ш Ы Қ Е Т Т Е Р Д І Ң Б Ө Л І Н У З А Ң Д Ы Л Ы Қ Т А Р Ы



Pdf көрінісі
бет257/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   369
Б Ұ Л Ш Ы Қ Е Т Т Е Р Д І Ң Б Ө Л І Н У З А Ң Д Ы Л Ы Қ Т А Р Ы
1. Дененің екіжақты симметрия принципі бойынша қүрылуына 
сәйкес бұлшықеттер жүп болады немесе екі симметриялы жартыдан 
түрады (мысалы, m. trapezius).
2. Қүрылысы сегментті тұлғада көптеген бұлшықеттер (қабырға- 
аралық, омыртқалардың қысқа бүлшықеттері) сегментті болып келеді 
немесе метамерияның іздерін сақтайды (тік іш бүлшықеттері). Іштің
233


жалпақ бұлшықеттері сүйекті сегменттердің - қабырғалардың редук- 
циялануы себепті сегменттік қабырғааралық бұлшықеттерден тұтас 
құрастыруға айнала қосылып-бірігуінен түзілген.
3. Бұлшықет қозғалысы екі пункт арасындағы (punctum fixum et 
punctum mobile) ең төте қашықтық болып табылатын түзу сызық 
бойымен жалғасатындықтан, бұлшықеттердің өздері де осы нүктелер 
арасындағы ең қысқа қашықтық бойымен орналасады. Сондықтан 
бұлшықеттің беку нүктесін, сондай-ақ бұлшықет жиырылғанда 
қозғалмалы пункт қозғалмайтын пункте тартылатынын біле отырып, 
осы бұлшықет қозғалысының қай жаққа қарай жасалатынын және оның 
қызметін әруақытта алдын ала айтуға болады.
4. Бұлшықеттер буын арқылы асып өтіп, айналу біліктеріне белгілі 
бір қатынаста болады, бұлшықеттердің қызметі осыған байланысты.
Көбіне бұлшықеттер өздерінің талшықтары немесе олардың күшін 
теңдестіруші арқылы әруақытта буындағы өзі айнала қозғалатын білікті 
шамамен тік бұрыш жасай айқастырады. Егер фронталды білігі бар 
бірбілікті буында бұлшықет вертикалды, яғни білікке перпендикулярны 
жатса, онда ол бүгу қозғалысын, flexio (қимылдаушы бөліктер 
арасындағы бұрышты кішірейту) жасайды. Егер бұлшықет вертикалды, 
бірақ жазғыш жағында жатса, онда ол жазу, extensio (толык жазылғанда 
бұрыштың 180° дейін үлкеюі), қозғалысын жасайды.
Буында басқа горизонталды білік (сагитталды) болған жағдайда екі 
бұлшықет - антагонистері күшінің теңестірушісі де осылайша орна- 
ласып, сагиталды білікті буын бүйірлері бойымен айқастыруы керек 
(кәрі жілік-білезік буынындағы сияқты). 
Бұл 
жағдайда, 
егер 
бұлшықеттер немесе олардың теңдестірушісі саггитталды білікке 
перпендикулярны жене одан медиалды жатса, онда олар ортаңғы 
сызыққа әкелу, adductio, қозғалысын, егер латералды жатса, онда одан 
әкету, abductio, қозғалысын жасайды. Ақырында, егер буында тағы да 
вертикалды білік болса, онда бұлшықеттер оны перпендикулярлы 
немесе қиғаш қиып өтіп, ішке қарай (қол-аяқтарда - pronatio) жене 
сыртқа қарай (қол-аяқтарда - supinatio) айналу қозғалыстарын жасайды. 
Сөйтіп, буында қанша айналу білігі барын білсек, қызметі жағынан 
қандай бұлшықеттер болатынын жене олар буын айналасында қалай 
орналасатынын айта аламыз. Бұлшықеттердің айналу біліктеріне сәйкес 
орналасуын білудің практикалық маңызы бар. Мысалы, егер фронталды 
біліктің алдында жатқан бүккіш бүлшықетті артқа ауыстырсақ, онда ол 
жазған бұлшықет сияқты кызмет атқара бастайды, бұны жансызданған 
бүлшықеттердің қызметін толықтыру үшін сіңірлерді ауыстырып салу 
операцияларын жасағанда пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет