Талшықтардың атқаратын қызметіне байланысты бағыты бойынша
талшықтары тік параллелді (m. rectus), қиғаш (m. obliquus), көлденең
( т . transversus), дөңгелек ( т . orbicularis) орналасқан бұлшықеттер
болады. Соңғы бұлшықеттер тесікті қоршап тұратын қысқыш немесе
сфинктер түзеді. Егер қиғаш талшықтар сіңірге бір жағынан
байланысатын болса, он да бір қауырсынды бұлшықет түзіледі.
Талшықтардың сіңірге ерекше қатынасы жартылай сіңірлі (ш.
semitendinosus) және жартылай жарғақты (m. semimembranosus)
бұлшықеттер де байқалады.
Бұлшықеттер қызметі жағынан бүккіштер (flexores), жазғыштар
(extensores),
әкелушілер
(adductores),
әкетуіпілер
(abductores),
айналдырушылар (ratatores), ішке (pronatores) және сыртқа қарай
айналдырушылар (supinatores) деп бөлінеді.
Бұлшықеттер буындарға (бір, екі немесе бірнешеу) қатынасы
бойынша бір, екі немесе көпбуынды деп аталады. Үзындау келетін
көпбуынды бұлшыкеттер бірбуынды бұлшықеттерге қарағанда беткей
орналасады. Орналасу жағдайына қарай бұлшықеттер беткей және
терең, сыртқы және ішкі, латералды және медиалды деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: