Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Қ а б ы р ғ а а с т ы б ұ л ш ы қ е т т е р і, m m . s u b c o s t a l e s



Pdf көрінісі
бет274/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   369
Қ а б ы р ғ а а с т ы б ұ л ш ы қ е т т е р і, m m . s u b c o s t a l e s ,
 
кеуде торы 
төменгі бөлігінің ішкі бетінде, қабырға бұрыштары аймағында жатады, 
талшықтарының бағыты ішкі қабырғааралық бұлшықеттердікі сияқты, 
бірақ бір немесе екі қабырғадан асып өтеді.
4 . К ө л д е н е ң к е у д е б ұ л ш ы қ е т і, т t r a n s v e r s u s th o r a c is ,
 
кеуде 
торының ішкі бетінде, оның алдыңғы аймағында орналасып, іштің 
көлденең бұлшықетінің жалғасын құрайды.
Қ ы з м е т і.
 
Mm. intercostales externi қабырғаларды көтеріп, кеуде 
торын алдыңғы-артқы және көлденең бағыттарда кеңейтіп, тынысалу 
кезінде қызмет жасайды (ішке тынысалу бұлшықеттері болып 
табылады). Қатты демалуға қозғалмалы нүктелері қозғалмайтындай 
жағдайда қабырғаларды жоғары көтере алатын бұлшықеттер де ( т . 
scaleni, т . sternocleidomastoideus, mm. pectorales major et minor, m. 
serratus anterior және т.б.) қатысады. Дем шығарған кезде кеуде 
торының томен түсуі өкпе мен кеуде торының меншікті серпімділігіне 
байланысты.
К ө к е т , d ia p h r a g m a ,
 
күмбезтәрізді иілген, үсті мен астынан шандыр 
және сірлі қабықтармен жабылған жалпақ жұқа бұлшықет, m. phrenicus, 
болып табылады (129-сурет). Оның бұлшықетті талшықтары кеуде 
торының төменгі тесігінің бүкіл шеңбері бойынан басталып, көкеттің 
сіңірлі орталығына, centrum tendineum, өтеді. Кеуде-іш қалқасының 
бұлшықеттік бөлімінде талшықтардың шығатын жеріне қарай: белдік, 
қабырғалық және төстік бөліктерін ажыратады.
Б е л д і к б ө л іг і, p a r s l u m b a lis ,
 
екі - оң және сол аяқшалардан 
(сабақтардан), crus dextrum et sinistrum, түрады.
Көкеттің екі аяқшасы өзара және омыртқа бағанасы арасында 
үшбұрышты кеңістік, қолқалық тесікті, hiatus aorticus, қалдырады, ол 
арқылы қолқа және оның артында жатқан ductus thoracicus өтеді. Бүл 
тесіктің жиегі сіңірлі жолақпен көмкерілген, соның арқасында көкеттің 
жиырылуы қолқа қуысына эсер етпейді. Көкет аяқшалары жоғары 
көтеріліп, қолқалық тесік алдында бір-бірімен түйісіп, содан кейін
254


129 - су р е т. Көкет, diaphragma; астынан қарағандағы көрінісі.
1 centrum tendineum; 2 for. venae cavae; 3 - hiatus esophageus; 4 - hiatus 
aorticus; 5 lig. arcuatum mediale; 6 lig. arcuatum laterale; 7 - trigonum 
lumbocostale; 8 - crus sinistrum; 9 - crus dextrum.
аздап одан солға және жоғары қарай қайтадан ажырасып, өңештік 
тесікті, hiatus esophageus, түзеді, ол тесік арқылы өңеш және онымен 
қосарласқан екі кезбе нерві, nn. vagi, өтеді. Hiatus esophageus астың 
жылжуын реттейтін қысқыш қызметін атқаратын бұлшыкет буда- 
ларымен көмкерілген. Көкеттің әрбір аяқшасының бүлшықет будалары 
арасында саңылаулар түзіледі, олар арқылы nn. splanchnici, v. azygos 
(сол жағынан v. hemiazygos) және симпатикалық сабау өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет