Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


Іш тің іш кі қиғаш бұлш ықеті,  т. ebtiquus interrtm abdominis



Pdf көрінісі
бет277/369
Дата27.11.2023
өлшемі23,05 Mb.
#129210
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   369
2.
Іш тің іш кі қиғаш бұлш ықеті
т. ebtiquus interrtm abdominis,
сыртқы қиғаш бұлшықеттің астында жатады (131-сурет). Ол артында 
fascia thoracolumbalis-тен, мықын қырынан және шап байламының 
латералды үштен екі бөлігінен басталады. Бұлшықет талшықтарының 
бағыты жалпы алғанда жогары қараған желпуіш тәрізді. Бұлшықеттің 
артқы будалары жоғары көтеріліп, XII, XI және X қабырғалардың 
төменгі жиегіне бекиді. Олардың қабырғалар арасындағы жалғасы mm. 
intercostales interni болып табылады. Бұлшықеттің алдыңғы будалары 
жалпақ апоневрозға ауысады, ол т . rectus-тың латералды жиегінде, 
аталған бұлшықет қынабын түзуге қатысатын екі жапырақшаға
258


131 с у р е т . Іштің бұлшықеттері; бүйірінен қарағандағы көрінісі (іштің 
сыртқы қиғаш бүлшықеті мен іштің тік бүлшықетінің қынабының алдыңғы
табақшасы алынған).
1 - ш. obliquus interims abdominis; 2 - m. rectus abdominis.
бөлінеді. M. rectus-тан медиалды, linea alba-ның бойымен қарама-қарсы 
жақтың апоневроздарымен қосылады. М. obliquus interims abdominis-тің 
сыртқы және ішкі беттері шандырлармен жабылған.
3. 
Іш тің көлденең бүлш ықеті, 
т. transversus abdominis
- жалпақ 
іш бүлшықеттері ішіндегі ең тереңі және жүқасы. Ол төменгі алты 
қабырғаның ішкі бетінен басталады. Көкеттен жоғары m. transversus 
thoracis, оның жалғасын құрайды. Одан әрі бұлшықет томен және артқа 
қарай fascia thoracolumbalis-тін терең жапырақшасынан, мықын 
қырының ең төменгі жағы мен шап байламының латералды үштен екі 
бөлігінен басталады. Осы басталатын жерлерінен бүлшықет талшық-
259


тары көлденең, алға және медиалды өтіп, жалпақ апоневрозға ауысады, 
m. rectum abdominis-ке бағыт алады да, жоғарғы бөлімінде Ііпеа 
alba-ның артында, ал төменгі бөлімінде оның алдында орналасып
қарама-қарсы жақтың апоневрозымен қосылады. Көптеген сүтқо- 
ректілерде бұл бұлшықет күштілеу дамыған және жыныс безін ен 
қабығынан дене қуысына тартып алады. Адамда ішкі қиғаш және 
көлденең бұлшықеттерден атабезге қарай, атабезді көтеретін кішкене 
бұлшықет, ш. cremaster, бөлінеді. Іштің көлденең бұлшықетінің іш 
қуысына қараған бетін ішастарасты шандырының, fascia subperitonealis, 
бөлігі болып табылатын fascia transversalis жауып тұрады. Жалпы 
ішастарасты шандыры іш қабырғаларының бүкіл ішкі бетін астарлайды 
және орналасқан аймағына қарай жеке атаумен аталады: fascia 
transversalis, fascia pelvis және т.б.
Алдыңғы бұлш ықеттер.
Іш тің тік бұлш ықеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет