III.
Сегменттілік
немесе
метамерлілік
дененің
қайсыбір бөлігінің
сегменттерге немесе метамерлерге (meta, грекше кейін, meros - бөлік)
яғни ретті, метамерлі, бірінен соң бірі орналасқан және шамамен бірдей
құрылған бөліктерге бөлінуі. Мұндай құрылыс қайсыбір дәрежеде
эволюция барысында барлық хордалы жануарлар мен адамда
сақталады.
Адам ұзақ эволюция жолынан өтіп, метамерлік құрылымды бүкіл
денесінде емес, филогенез үрдісінде оның
басқа бөліктерінің дамуына
негіз болған бөлігінде, атап айтқанда, тұлғасында сақтады. Жеке
омыртқа, қабырға, олардың қосылған жерлері, жеке омыртқа мен
қабырға арасында
орналасқан тұлға бұлшықеттері, қабырғааралық
тамырлар мен нервтер, сондай-ақ жұлынның сегменттері - осының
барлығы адам организмінің метамерлік құрылымы мен дамуының
көрінісі.
Организмнің жекелеген бөліктерінің арасындағы заңды арақатынас
корреляция болып табылады. Дарвин оны өсудегі
арақатынас заңы деп
атады. Бұл заңға сәйкес организмнің бір бөліктерінің формалары әр
уақытта басқа бөліктердің белгілі бір формаларымен байланысты, ал
олар бір-бірімен ешбір байланыспайтын сияқты көрінеді.
Мәселен, сүтқоректілерде аша тұяқтар, әдетте, күйіс қайыру
үрдісіне бейімделген күрделі қарынның болуына байланысты.
Дәл осы
сияқты адамда да - “адам қолының біртіндеп жетілуі, сонымен қатар
жүретін аяқтың дамуы және тік жүруге бейімделуі сөзсіз организмнің
басқа бөліктеріне кері әсерін тигізді” (Маркс К., Энгельс Ф. Шығ.,
2-басылым, 20-том, 488 бет).
Адам омыртқалылардың қатарында,
олардың ең жоғары класына
-сүтқоректілерге жатады, ал сүтқоректілер төлдерін тірідей туып,
оларды сүтпен қоректендіреді.
Тірідей төлдеу, дене температурасының қоршаған орта (ауа)
температурасының ауытқуына тәуелсіз тұрақтылығы, интенсивті зат
алмасу және ең бастысы - мидың, әсіресе
оның қыртысының про-
грессивті дамуы сүтқоректілерге әр алуан тіршілік жағдайларына
бейімделуге көмектесіп, омыртқалылардың төменгі сатыдағы клас-
тарымен бәсекені жеңіп, олардың кеңінен
таралуын және одан әрі
эволюциялық даму мүмкіндігін қамтамасыз етті. Сүтқоректілердің
арасында адам плаценталы бірқүрсақты класс тармағына (Mammalia
placentalia) жатады. Оның тіршілік иесі ретіндегі биологиялык жағы
әлеуметтік факторлардың басым әсерімен антропогенездің соңғы
кезеңінде қалыптасты.
Антропогенез
(грекше - anthropos - адам, genesis - пайда болу,
шығу) - адамның эволюциялык тарихи қалыптасу үрдісі.
Антропогенез
антропология пәнінің арнаулы бөлімін арнаулы бөлімінің пәнін
құрайды. Антропогенездің басты қозғаушы күші - еңбек құралдарын
қоғам болып бірігіп жасау және оны пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: