Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA



бет110/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA


Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродита, жыныс сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.




АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA


Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.


Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм- ден 3 метрге дейін (Megascolides australis-та). Сегменттері біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында

  • простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады (96, А- сурет). Кең, жақсы дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ мезентериімен бөлінген. Аркд мезентериясы жоқ. Іш қуысы целотелимен астарланған.




  1. сурет. Жауын құртының (Lumbricus terrestris) құрылысы: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы; 1 - эпителий қабаты, 2 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 3 - ұзына бойы бұлшықеттері, 4 - соматоплевра; Б - ішкі құрылысы; 1 - жұтқыншақ, 2 - өңеш, 3 - сақина қан тамыры, 4 - жемсау, 5 - қарын, 6 - метанефридия, 7 - ортаңғы ішек, 8 - арқа қан тамыры, 9 - тұқым қапшығы, 10 - тұқым қабылдағышы, 11 - диссепимент, 12 - жұтқыншақ үсті ганглиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет