Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida



бет119/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174
Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida

Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері арқылы тісті ара сияқты жақты құрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі тұқымдастары: Gnathobdellidae, Heфobdellidae.


Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі медициналық сүлік - Hirudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ суларында өте көп. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және артқы сорғыштары жақсы жетілген (98, А-сурет). Омыртқалы жануарлардың қанымен қоректенеді.
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар. Мұны бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайдаланылады.
Медициналық сүлікгі гипертония, склероз, инсульт, көз, тері
ауруларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек жасайды.
Адамға және малға қауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis nilotica). Ол сумен бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып, қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандыда, Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі - (Haemopis sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен, құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.
Haemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның және сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұтқыншакты сүліктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкілдері жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенеді. Үлкен, ұшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында да мекендейді.


Буылтық құрттар (Annelida) типіне қосымша кластар




ЭХИУРИДГЕР КЛАСЫ - ECHIURIDA


Теңіздерде су түбін қазып өмір сүретін құрт тәрізді жануарлар. Денесі және целом қуысы сегменттерге бөлінбеген, полихеттерге (Polychaeta) тән трохофора личинкасы бар. 150 түрі бар.


Құрылысы мен физиологиясы. Сегменттелмеген денесінде ұзын, созылмайтын, пішінін өзгертпейтін өсіндісі немесе тұмсығы бар. Bonellia viridis-тің тұмсығының ұшы екіге айрылған. Тұмсықтың құрсақ жағы сәл ойыс және сумен бірге майда қоректік заттарды ауызға қарай айдайтын кірпікшелермен қапталған. Аузының артқы жағында екі ірі қылтан, оған қоса денесінің соңғы бөлімінде екі қатар майда қылтандар тәжі айнала орналасқан.
Денесінің сыртқы жағы тығыз кутикуламен қапталған және оның астын бір қабатты эпителий астарлаған. Эпителидің астында тері - бұлшықет қапшығы, ал одан тереңіректе целом қуысын астарлаған перитонеальды эпителий бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет