Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет120/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   174
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құрылған. Артқы ішекке екі аналь қапшығы ашылады. Олар 12-300- дей ұсақ, бір ұшымен целомға, екінші ұшымен аналь қапшығына ашылатын кірпікшелі воронкаларымен қапталынған. Аналь қапшығы зәр шығару әрі тыныс алу қызметін атқарады.
Зар шығару жүйесі үш түрлі мүшелермен сипатты: трохофораның жұп протонефридиясымен, ересек формаларындағы аналь қапшығымен және денесінің алдыңғы бөліміндегі нефромиксияларымен. Нефромиксиялары кеңейген жағымен целом қуысына, жіңішке ұшымен сыртқа ашылады. Олардың саны бірден (Bonella туысында) төрт (Thalassema) жұпқа дейін,
кейбіреулерінде бірталай ұлғайып 100-200-ге дейін жетеді (Ikeda tenioides- те). Нефромиксиялар несеп заттарды шығаруымен қатар, жыныс клеткаларында шығарады.
Қан айналу жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Екеуі де денесінің артқы жағында екі сақиналы қан тамырымен жалғасады. Арқа қан тамыры тұмсығына өтіп, одан шығарда құрсақ қан тамырына ұласады.
Нерв жүйесі нашар дамыған, тек құрсақ нерв бағанасынан және жұтқыншақ айнала сақинасынан тұрады. Нерв клеткалары нерв бағана бойында шашыраңқы орналасып, нерв түйіндерін түзбейді, тіпті жұтқыншақ айнала сақинасы да ганглиозды ұлғаймаған. Теріде орналасқан сезім клеткаларынан басқа сезім мүшелері жоқ.
Жыныс жүйесі. Гонада біреу, ол денесінің артқы бөлігінде құрсақ жағында орналасқан. ВогіеІІіа және Hamingia туыстары арасында жыныстық диморфизмі байқалады. Аналық ВопеШа ірі (10-15 см), тұмсығы ұзын. Аталық ВопеШа-ны А. О. Ковалевский ашқан. Олардың денесі кірпікшелермен қапталған, өте ұсақ (1-3 мм) қарапайым құрылысты құрттар. Аузы, аналь тесігі, аналь қапшығы, қан айналу жүйесі жоқ. Ішегі тұйықталған. Сперматозоидтарын тұқым қапшығы және кірпікшелі нефридиальды воронка арқылы сыртқа шығарады. Аталығының өмірі өте қызық. Олар алғашқыда аналығының тұмсығының беткей жағында жылжып, кейін алдыңғы ішегіне енеді де, аналығының нефридия түтігіне өтіп, сол жерде аналықтарының жетілген жұмыртқаларын өтуін күтіп ұзақ уақыт жатады. Біраз уақыт бойы бұл құрттарды аналықтардың паразиті деп санаған. А. О. Ковалевскийдің (1870) зерттеуі бойынша эхиуридттердің аталығы екені ашылған.
Ұрықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі полихеттердей спиральды детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда болады. Личинканың екі мезодермальды жолағы сегменттелмей тез өсіп, тұтас целомды құрайды. Трохофора планктонда еркін жүзіп жүреді де, метаморфоздан кейін теңіз түбіне орнығады.
Тәжірибеде Bonellia личинкаларының жынысын анықтауға өсу ортасының әсері анықталды. Личинкаларды жеке баққанда, олардан тек аналықтары қалыптасады, егерде, личинкаларды ересек аналықтарымен бірге бақса, олар аналығының тұмсығына өтіп, метаморфозға ұшырап, аталық түрлеріне айналады. Аталықтарының дамуы, аналықтарының тұмсығынан бөлініп шығарылатын жасыл пигменті бар сілекейдің әсері. Сілекейден экстракт жасауға болады, оның ерітіндісі личинканың аталық түріне айналуына әсер етеді. Осылайша, ВопеШа-ның жынысы метагамды кезеңде, яғни жыныс клеткасы ұрықтанған соң анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет