Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет32/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

ПАРАЗОА - PARAZOA


Бұл топты құрайтын жәндікгердің басты ерекшелігі - дене құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланбай біріне-бірі оңай ауыса алатындығы, ауыз тесігінің, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, нерв жүйесінің жоқтығы.


Паразоа тобына бір ғана губкалар типі жатады.


ГУБКАЛАР ТИПІ - SPONGIA НЕМЕСЕ PORIFERA


Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың 5000-нан астам түрлері белгілі. Дене пішіні терең бокал, цилиндр, шар тәрізді; ұзындығы 5-10 мм-ден 1,5-2 м-ге дейін; ақ, сары, қоңыр-сарғыш, жасыл түсті болып келеді. Жасыл түсі - балдырлармен селбесіп тіршілік етуіне байланысты.


Құрылысы және физиологиясы. Губкалардың денесі сыртқы
дермальды-эктодерма және ішкі гастральды-энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, коймалжың зат орналасқан. Денесінің ішіндегі кең қуысты - парагастраль қуысы деп атайды. Парагастраль қуысы сыртқы ортамен оскулум (osculum) деп аталатын арнайы тесігі арқылы байланысады. Губкаларға тән қасиет - денесінде көптеген саңылауларының (пораларының) болуы. Осыған байланысты губкаларды кейде латынша Porifera - ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды. Саңылаулары (поралары) арқылы су парагастраль қуысына еніп, оскулум арқылы қайтадан сыртқа шығады (27- сурет).
Губкалардың сыртқы эктодерма қабаты пинакоцит деп аталатын жалпақ клеткалардан құралған (28-сурет). Олар эпйтелидің жабындық қызметін атқара отырып, губканың ішкі ортасын сыртқы орта әсерлерінен қорғап тұрады. Пинакоциттермен қатар ұзынша келген пороцит клеткалары да дамыған. Олар пинакоцит клеткаларының бір түрі. Эктодерма қабатынан энтодерма қабатына қарай созылып орналасқан. Әрбір пороцит клеткаларының ортасында түтікше болады, сол себептен пороциттер губкалардың денесінде көптеген саңылауларды (пораларды) құрайды. Пороциттер жиырылып саңылаулардың ашылып-жабылуына себепкер болады.
Энтодерма қабаты хоаноцит деп аталатын талшықты жағалы клеткалардан құралған (28-сурет). Бұл клеткалардың құрылысы қарапайымдылардың талшықтылар класы, Choanoflagellata отряды өкілдерінің құрылысына өте ұқсас.



  1. сурет. Губкалардың жалпы көрінісі (ішкі кұрылысын көрсету үшін денесінің бір бөлігі кесілген). Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді: A - ізбесті губка Leucosolenia согіасеа; Б - Sycon raphanus; В - Verongia aerophoba-нын. колониясы; Г - туалет губкасы Spongia offlcinalis; Д - бадяга Spongilla; 1- оскулум, 2 - парагастраль куысы, 3 - талшықты қалталар, 4 - поралар

Хоаноцит клеткаларының талшықтары бір бағытта қозғалып, судың үнемі парагастраль қуысына қарай өтуін камтамасыз етеді және сол талшықтары арқылы сумен бірге келген ұсақ жәндіктерді, бактерияларды ұстап клетка ішінде қорытады немесе ұсталынған қорек заттарды мезоглеядағы амеба тәрізді клеткаларға жеткізеді.


Губкалардың мезоглея қабатында көптеген әр түрлі клеткалар кездеседі. Колленциттер - жұлдыз тәрізді клеткалар, түрлі бағыттарда айқаса және ұштарымен жабыса орналасады да тірек, тасымалдаушы, түйістіруші қызметін атқарады. Склеробласт, спонгиобласт клеткалары - әр түрлі инелерді дамытып губканың қаңқасын қалыптастырады. Амебоцит клеткалары - еркін қозғалатын, мезоглеяға түскен ұсақ қоректік заттарды ұстап қорытады. Амебоциттердің бір түрі - археоциттер -



  1. сурет. Аскон құрылысты губканың дене қабырғасының кесіндісі (I): 1 - пинакоцит клеткасы, 2 - талшықты жағалы (хоаноцит) клеткасы, 3 - жұмыртқа клеткасы, 4 - склеробласт клеткасы (ішінде түзілген спикула), 5 - саңылау (пора), 6 - жұлдыз клеткасы;

II губканың әр түрлі спикулдары: А - бір осьті; Б - үш осьті; В - төрт осьті; Г - көп осьті; Д

  • күрделі үш осьті спикула; Е - қисық осьті спикула

бұлар толық дифференцияланбай резервтегі клеткалар болып саналады, жоғарыда атап кеткен клеткаларға оңай айнала алады, сонымен қатар жыныс клеткаларға да бастама береді.


Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде губкалардың клеткаларының біріне-бірі айналатындығы анықталған. Мысалы, хоаноцит клеткалары талшығын жойып амебоциттерге айналады, ал өз кезегінде амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Бұның барлығы губкалар құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді.
Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, талшықты жағалы (хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысы жағынан - аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады (29-сурет). Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды (29,Б-сурет).
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап, оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші, екінші реттік камералар орналасады (29,В-сурет).



  1. сурет. Губкалардың морфологиялық құрылыс типтері: А - аскон; Б - сикон; В - лейкон; 1 - поралары, 2 - талшықты камералары, 3 - оскулум, 4 - парагастраль қуысы. Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді

Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және парагастраль қуысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері арқылы байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен қорек заттар толығымен ұсталынып қорытылады.


Қаңқа (скелет). Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да құрайды.
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан - кремнезем (кремнидің оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен және органикалық, заттардан - спонгиннен немесе кремнезем мен спонгиннің қосындысынан тұрады.
Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден құралған. Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші
клеткалардан - склеробластардан дамиды. Спикула дамыған кезінде склеробластың цитоплазмасында кішкене дән пайда болып, ол өсе келе ұзарып (склеробласт клеткасыда ұзарып), өсу деңгейіне жеткеннен кейін, клетка жойылып, спикула (ине) мезоглеяда бос орналасады. Спикулалар бір осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді (28-сурет). Бір осьті спикула - тік немесе иілген таяқша тәрізді, үш осъті - үш сттикула тік бұрыш жасап бір нүктеде қосылуынан пайда болады. Төрт осьті - төрт спикулалар бір-бірімен қиылысып, екі көрші спикуланың арасындағы бұрышы 120° болады. Көп осьті - шар немесе майда жұлдызшалар тәрізді. Спикулалар бір-біріне байланыссыз орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе бірыңғай қаңқаны құрады.
Органикалық қаңқа ұсақ қаңқа түзуші клеткалардан - спонгиобластардан дамиды. Бұлар минералды қаңкаға қарағанда басқаша түзіледі. Қаңқаның өсуші талшығын спонгиобласт клеткалары сырттай қоршап, қаптама жасайды да, қаңқаның мүйізді талшықтары бірыңғай клеткаларының ішінде емес, клеткалардың аралығында түзіледі (30-сурет). Мүйізді немесе спонгинді органикалық каңқа тор тәрізді, сарғыш түсті, химиялық құрамы жағынан жібек жібіне ұқсас, құрамында йодтың болуы спонгинге тән қасиет. Қаңқаның құрамы мен құрылым ерекшеліктері - губканың негізгі систематикалық белгілері болып табылады.



  1. сурет. Спонгинді каңқа А - спонгин қаңқасын құрастырушы спонгиобласт клеткалары; Б - бос жатқан спонгин жіпшесі; В - спонгин қаңқасының бір бөлігі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет