Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет46/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Классификациясы. Сцифомедузалар класы бес отрядқа бөлінеді: стауромедузалар - Stauromedusae, кубомедузалар - Cubomedusae, короната - Coronata, семаеостомеа - Semaeostomeae, тамырауыздылар - Rhizostomida.


Стауромедузалар отряды - Stauromedusae


Тіркелмелі тіршілік ететін медузалар. Ұрпақ алмасу жолы болмайды. Планула личинкасы бірден медузаға айналады. Бұларға 30-дай түрі жатады. Негізгі туысы: Lucernaria және Haliclystus.




Кубомедузалар отряды - Cubomedusae


Жылы теңіздердің таяз жерлерінде тіршілік ететін медузалар. Шатыршасы төрт қырлы, биік, онда төрт ропалия мен төрт қармалауышы орналасқан. Австралия, Океания, Индонезия теніз жағалауларында Chiropsalmus туысының өкілдері кең тараған. Олардың атқыш клеткаларының күйдіргіш күші барынша дамыған, улы сұйықтығы адамға да күшті әсер етеді.


Короната отряды - Coronata


Теңіздің терең қабаттарыңда мекендейтін медузалар. Шатыры сақина тәрізді белдеуленіп, орталық дискі және шеткі тәжге - "коронаға" бөлінеді. Қармалауыштары мен ропалиялары қоймалжың келген тұғырда орналасқан. Негізгі туыстары: Atolla және Poriphylla.




Семаеостомеа отряды - Semaeostomeae


Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.


Негізгі өкілдері: Aurelia aurita және Солтұстік теңіздерде кездесетін -
Суапеа capillata. Pelagia туысы өкілдерінің қараңғыда жарық шығаратын қабілеті дамыған.


Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida


Тропиктік теңіздерде кең тараған ірі медузалар. Қармалауыштары жойылған, қорек заттарын қалақша өскінділері арқылы ұстап алады. Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңізінде жиі кездеседі (42,1-сурет). Жапония мен Қытай елдерінде бұл медузалардың "хрустальды еті" тұздалған түрінде тамаққа қолданылады.


Сцифомедузалардың денесі жұмсақ болғандықтан жер қазбаларында сақталмаған. Дегенмен олардың таңбалары Юра дәуіріндегі Золенгофен сланецтерінен табылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет