Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет47/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA


Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар.


Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Жүтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады, солардың көмегімен су және қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай қозғалуымен жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы камераларға бөлінеді (44-сурет).



  1. сурет. Маржан полиптер: А - сегіз сәулелі полип Alcyonium-ның құрылысы; 1 - қармалауышы, 2 - ауыз тесігі, 3 - эктодермалы жұтқыншағы, 4 - септа, 5 - мезентерия жіпшелері, 6 - жұмыржалары; Б - актиниялар, тақуа шаян (өз денесін жасырған) бақалшағының үстінде

Септалар - гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан дамып, энтодерма клеткаларымен астарланған. Олардың әрқайсысында бойлай орналасқан жуандау бұлшықетті білеуі (валик) болады.
Денесінің жоғарғы бөлігінде септалар жұтқыншаққа және дене қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос салбырап тұрады. Олардың бос шеттері жуандап, без клеткаларынан құралған, мезентериальды жіпшелерге айналады. Солардың көмегімен гастраль қуысына түскен ас қорытылады.
Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бір-біріне сәйкес келеді. Осыған байланысты маржан полиптер класы екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелілер - Octocorallia және алты сәулелілер - Hexacorallia,
Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 8 болып келеді.
Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камераларды құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы орналасып, бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың ауысып тұруын қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы камераның бойларындағы кірпікшелері бір бағытта қозғалып, гастраль қуысына оттегіне бай сумен қоректік заттарды лықсытады, және суды керексіз заттармен бірге сыртқа шығарады.
Септалардың мезентериальді жіпшелері сөлдерді шығарып, астың қорытылуын реттейді.
Алты сәулелілердің (Hexacorallia) септаларының, камераларының және қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселеніп келеді, кем дегенде 12 болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңінде бірінші кезектегі алты жұп септалар қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөліп тұрады. Әрбір жұп септаның арасындағы камераларды ішкі камера деп атайды, ал әр түрлі жұп септалардың арасындағы орналасқан камераларды - аралық деп атайды. Осылардың ішінен басқа да жұп аралық септалар дамиды (45-сурет).



  1. сурвт. Сегіз сәулелі (А) және алты сәулелі (Б) маржан полиптердің көлденең кесінділері (жұтқыншақ деңгейінен кесілген): 1-эктодерма, 2-энтодерма, 3-жұтқыншақ, 4- сифоноглиф, 5-вентральды бағыттаушы камера, 6-дорзальды бағыттаушы камера, 7-септа, 8-ішкі камера, 9-аралық камера.

Сөйтіп, септалардың және камералардың дамуына байланысты, гастраль қуысы кеңейіп, оның ас қорыту жұмысы және қорытылған асты сіңіру қабілеттілігі артады. Маржан полиптері планктонды организмдермен қоректенеді, ал ірі түрлері - жыртқыштар, олар шаянтәрізділерді, моллюскаларды т. б. өзінің қармалауыштарымен ұстап алып, атқыш жіпшелерімен жансыздандырып, ауыз тесігіне апарады да, жұтқыншағымен


жұтып алады. Ac қорыту процесі клетка ішілік және қуыс ішілік бойынша жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет