Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет5/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ


Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар еді.


Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон "түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар - отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum) біріктіріледі.
Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады.
Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа - отряд тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге

  • түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі - тип, ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық системаның жоғарғы белгісі.

Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынандай 23 типке бөледі:

  1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora

  2. Споралылар типі - Sporozoa

  3. Книдоспоридиялар типі - Cnidosporidia

  4. Микроспоридиялар типі - Microsporidia

  5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога

  6. Тақталылар типі - Placozoa

  7. Губкалар типі - Spongia

  8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata

  9. Ескектілер типі - Ctenophora

  10. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes

  11. Немертиналар типі - Nemertini

  12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes

  13. Скребнилер типі - Acanthocephales

  14. Буылтық құрттар типі - Annelida

  15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda

  16. Онихофоралар типі - Опусһорһога

  17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca

  18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata

  19. Тікентерілілер типі - Echinodermata

  20. Погонофоралар типі - Pogonophora

  21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha

  22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata

  23. Хордалылар типі - Chordata

Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші типтен бастап 23-ші типке дейінгі - омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші хордалылар типі - омыртқалы жануарлар.
Жануарлар дүниесі типтерден де жоғары ірі топтарға жіктеледі. Типтерді топтастыру - олардың ортақ құрылымын, деңгейін, арасындағы морфофизиологиялық, филогенетикалық байланыстарын көрсетеді. Оның схемасы 1- суретте берілген.
Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora.
Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.
Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: фагоцителлозоа - Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп клеткалылар. Бұл топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті - төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар - Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті - нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар - Bilaterata.
Сәулелілердің (Radiata) - денелері шар, қапшык, циллиндр тәрізді. Жануарлардың отырып тіршілік етуіне және қоршап тұрған ортаның жан- жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері бір орталық
төңірегіңде радиальды бағытта орналасады, сөйтіп дененің сәулелі, немесе радиальды симметриясын құрайды. Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. Осы белгісіне орай олар екі қабаттылар - Diploblastica тобына жатады. Сәулелілерге Ішекқуыстылар - Coelenterata және Ескектілер - Ctenophora типтері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет