Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA



бет135/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA


Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайы тобын құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. Ұзындығы 2,8-3 мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 10 сегментті кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан тұрады. Құрсағының соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыршасы бар. Шөгіндіде көміліп тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. Ең негізгі қарапайым белгілері: антенналары ауыздың артқы жағында орналасқан (бұл белгі шаянтәрізділердің науплиус личинкаларына тән); мандибулалары дамымаған, ал келесі бас аяқтары - максилла I және максилла II құрылысы және атқаратын қызметі жағынан кеуде аяқтарына өте ұқсас, яғни олар протоподиттен, екі бұтақ экзоподит пен эндоподиттен және желбезекгі өсінді эпиподит буындардан тұрады, сондай-ақ кәдімгі екі бұтақты кеуде аяқтарынан ерекшеленбеген және сол аяқтарымен қозғалады, тыныс алады, әрі қоректік бөлшектерді аузына жеткізеді. Аналығы жұмыртқаларын кеуде сегменттерінің ең соңғысындағы жұмыртқа қапшығына салады.


Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.
Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа жататын 9 түрі белгілі. Ең бірінші өкілі Hutchinsoniella macracantha Атлант мұхитының АҚШ-тың жағалау бөлігінде, қалған түрлері Солтүстік
Американың шығыс және батыс жағалауларынан, Жапон аралдарынан, Барбадос, Пуэрто-Рико, Бразилия, Перу, Жаңа Зеландия жағалауларынан табылған.
Цефалокаридаларда барлық шаянтәрізділердің арғы тегіне тән бірқатар белгілері сақталған: антенналары ауыздың артқы жағында орналасуы; бас бөліміндегі екі соңғы сегментінің аяқтары - максилла I және максилла II ауыз мүшелеріне айналмай, құрсақ аяқтарының құрылысын сақтап қалуы. Цефалокаридалардың аяқ құрылысы Anostraca және Phyllopoda өкілдерінің аяқтарына ұқсас.


МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA


Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан сүзіп алуына бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. Кеуде аяқтары қозғалу немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару және су ағындарының қозғалысын реттеу қызметін атқарады. Олар ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де шайнағыш өсінділері болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ.


Максиллоподалар класс тармағы 5 отрядқа бөлінеді: миста- кокаридалар - Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар - Copepoda, тұқы балық биттер - Branchiura, мұртаяқты шаяндар - Cirripedia, қапкеуделі шаяндар - Ascothoracida.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет