Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған


Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca



бет132/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca


Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады (106-сурет).


Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қоймалары - лиман, ащы көлдерде мекендейді (106-сурет). Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су ағынымен аса қашық жерлерге таралады.



  1. сурвт. Желбезекаяқты шаянтәрізділер: А - желбезекаяқты шаян (Branchipus stagnalis), аталығы; 1 - антеннула, 2 - антенна, 3 - бас өсіндісі, 4 - фасеттік көзі, 5 - бауыр өсіндісі, 6 - максиллярлық без, 7 - кеуде аяқтары, 8 - аталық тұқым безі, 9 - айырша (furca), 10 - жүрек, 11 - ортаңғы ішек; Б - Anemia salina; 1 - антеннула, 2 - антенна; В - көктемгі қалқанша шаян (Lepidurus apus) арқа жағынан; Г - кәдімгі қалқанша шаян (Triops cancriformis) құрсақ жағынан



Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda


Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың


дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.
Phyllopoda отряды үш отряд тармағына бөлінеді: қалқанды шаяндар Notostraca, бақалшақты жапырақаяқты шаяндар - Conchostraca және бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері - Cladocera.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет