Инфузориялардың денесін біркелкі кірпікшілер біртегіс жапқан. Ауыз тесігінің және ауыз ойысының айналасында бір-бірімен желімдесіп біткен, толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын жұқа, жарғақ мембранеллалары болады. Бұларға екі отряд жатады.
Хименостомата отряды - Hymenostomata
Осы отрядқа Paramaecium туысы жатады: тұщы суларда кең таралған. Балықтардың желбезегі мен терісінде тіршілік ететін қауіпті паразит
Ichthyophthirius multifilus осы отрядқа жатады. Үлкен инфузориялар көлемі 0,5-0,8 мм-ге дейін жететін, шар тәрізді. Цитоплазмасында үлкен доға тәрізді иілген макронуклеус және көптеген майда жиырылғыш вакуольдер орналасқан. Ихтиофтириустар балықтың терісіне бұранда сияқтанып енеді.
Ауырған балықтың денесінде кішкене келген ақшыл түсті көптеген жаралар пайда болады. Жарадан суға шыққан ихтиофтириус цистаға айналып, соның ішінде палинтомия жолымен бірнеше peт бөлінеді. Цистадан шыққан жас ихтиофтириустар сау балықтың денесіне кіреді (22-сурет).
сурет. Тең кірпікшелі инфузория: А - Ichthyophthirius multifilus; Б - инфузорияның алдыңғы бөлімі, ауыз тесігі; В - ауру балық; Г - инфузориянын даму кезеңі; 1 - балықтың денесінен шыққан инфузория, 2 - цистаға айналуы, 3 - ядроның бөлінуі, 4 - жас инфузориялардың цистадан шығуы
Дөңгелек кірпікшелілер отряды - Peritricha
Дөңгелек кірпікшелілердің денесінің алдыңғы жағында ауыз төңірегінің айналасында спиральды дөңгеленіп үш қатар болып солға қарай бұрылып жатқан ірі мембранеллалары бар.
Дененің басқа бөлімдері жалаңаш. Бұл отрядтың көп түрлері бір жерге бекініп тіршілік етеді, сондықтан дененің артқы жағында жиырылатын не жиырылмайтын сабақшалары болады. Көбінесе үлкен қауымдар құрайтын Zoothamnium, Carchesium, Campanella, Vorticella туыстары (23-сурет)
жиырылатын сабақшасы арқылы бекінеді. Бекініп тіршілік ететін инфузориялар Sessilia отряд тармағын құрайды. Mobilia отряд тармағындағылар еркін жылжып жүретін инфузориялар. Trichodina туыстары
сурет. Дөңгелек кірпікшелілер (Peritricha): A - Pyxidiuni ventriosa - жеке өмір сүретін; Б
Carchesium polypinum - колониясы; В - Campanella umbellaria -колонияның бір бөлігі: 1 - мембранелла, 2 - макронуклеус
Достарыңызбен бөлісу: |