ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - POLYHYMENOPHORA
Инфузориялардың денесін кірпікшелер қаптаған және ауыз айналасында спираль түрінде дөңгеленген, оңға қарай бірнеше қатар бұралып жатққан мембранеллалары бар. Бұларға көптеген отрядтар жатады, солардың ішінен үшеуін қарастырамыз:
Әр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha
Тұщы суларда кең тараған, ірі инфузориялар. Ауыз айналасындағы мембранеллалары ірі кірпікшелерден құралған, ал дененің қалған бетін майда біркелкі кірпікшелер жапқан. Негізгі өкілдері - Stentor polymorphus, Spirostomum ambiguum, Bursaoria truncatella, Balantidium coli.
Stentor polymorphus-тың ұзындығы 1-2 мм, воронка тәрізді, су түбінде бекініп тіршілік етеді.
Spirostomum ambiguum-ның ұзындығы 2 мм-ге дейін жетеді, денесі ұзын, соған сәйкес ұзынша келген макронуклеус және бірнеше майда микронуклеустер болады. Жиырылғыш вакуолі дененің артқы жағында орналасқан.
Balantidium coli - адамның тоқішегінде тіршілік ететін өте қауіпті паразит. Ұзындығы 50-80 мкм, жалпақтығы 40-60 мкм. Балантидия циста күйінде ішектен сыртқа шығады. Цистаны жұту арқылы адам балантидиоз деген ауруға шалдығады.
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің стилонихия
Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда қылтандарға және цирраларға айналған. Цирра тобы бауыр жағында орналасқан, осылар арқылы инфузория судың түбінде жылжып жүреді. Мембранеллалары денесінің алдыңғы және бауыр жағында орналасқан (24-сурет).
сурет. Бауыр кірпікшелілер (Hypotricha): A - Stylonichia mytilus - бауыр жағынан; Б - сол түрі бүйір жағынан; 1 - алдыңғы цирралар, 2 - ауыз мембранелла, 3 - перистом, 4 - арт- қы цирралар, 5 - ас қорыту вакуолі, 6 - макронуклеус, 7 - микронуклеус, 8 - арқа қылтандары, 9 - жиырылғыш вакуолі
Достарыңызбен бөлісу: |