Жіктелуі. Кірпікшелі инфузориялар түрлерге өте бай, құрылысы күрделі, кең тараған қарапайымдылар. Бұл класқа 20-дан аса отрядтар жатады. Бұлар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді.
Инфузорияларды отрядка жіктеу кірпікшелерінің құрылысына, ауыз тесігінің, ауыз цилиатурасының мембранеллаларының, цирраларының орналасуына байланысты.
Мембранелла дегеніміз - бір-бірімен желімдескен бірнеше қатар кірпікшелерден құралған жұқа пластинка немесе мембрана. Цирра дегеніміз - қатар орналасқан бірнеше кірпікшенің жиынтығы, таяқша немесе шашақ сияқты. Ауыз цилиатурасы дегеніміз - ауыз тесігінің аймағыңда бірнеше қатар орналасқан мембранеллалары.
КИНЕТОФРАГМИНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - KINETOFRAGMINOPHORA
Инфузориялардың денесін қысқаша кірпікшелер түгел жауып тұрады, тек ауыз төңірегінде ғана орналасқан кірпікшелер ұзындау. Мембранеллалары, цирралары болмайды. Тұщы суларда кең тараған. Бұларға үш отряд жатады.
Ауыз тесігі денесінің алдыңғы жағында терминальды түрде орналасқан. Негізгі түрі - Didinium nasutum.
Біркелкі кірпікшелері қатар-қатар болып орналасқан жыртқыш инфузориялар, парамециялармен, тағы басқа қарапайымдылармен қоректенеді. Бұл отрядқа Ноіорһгуа және Prorodon туыстары жатады.
Денесі жалпақтау, ауыз тесігі денесінің бүйір жағында орналасқан. Негізгі өкілі - Nassulla ornate көк-жасыл балдырлармен қоректенеді. Chilodonella туыстары да кездеседі.
Бұларға офриосколецида - Ophryoscolecidae тұқымдастары жатады. Бұлар күйіс қайыратын сүтқоректілерде мекендейді, олардың таз қарынында, қатпаршақтарында тіршілік етеді. Мысалы: қарындағы Ісм3 қоректік заттардың ішінде 2 млн-ға дейін офриосколецидалар болады. Энтодиниоморфалардың денесінде көптеген өсінділер және жиырылу тақталары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |