Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал дәрігерлік, агрономиялық, зоотехникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ биология салаларының мамандарына арналған



бет62/174
Дата24.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#125469
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174
Байланысты:
5025406487917 Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап by Дәуітбаева К.Ә. (z-lib.org) (1)

Классификациясы. Көп уақытқа дейін турбеллярилердің ішектерінің құрылысына байланысты оларды ішексіз, тік, көп тарамды, үш тарамды ішектілерге бөлетін ескі жүйе қолданылып келген. Қазіргі уақытта классификациясы мұқият қайта қаралып, турбеллярилерді 12 отрядқа бөлген. Оның негізгілерін атап өтейік.


Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela


Өте ұсақ теңіз формалары, оларға ішектің болмауы, оның рөлін ас қорыту паренхимасының атқаруы, протонефридияның болмауы, нерв талшықтарының денеге беткейі орналасуы, жыныс жүйесінің қарапайымдылық ерекшелігі тән. Статоцистасы бар. Кейбір Acoela паренхимасында симбиоздық тіршілік ететін бір клеткалы балдырлар, зоохлореллалар болады.


Өкілі: Convoluta convoluta теңіз жағалауының кәдімгі формасы, көптеген зерттеулер объектісі (57, A - сурет).



  1. сурет. Турбеллярия отрядтарының өкілдері: A - Convoluta (Acoela отр.); Б

-Gnathostomula paradoxa (Gnathostomulida отр.); В - Dalyella viridis (Rhabdocoela отр.); 1 - ауыз тесігі, 2 - көзі, 3 - ми ганглиясы, 4 - жұтқыншақ, 5 - ішек, 6 - аталық без, 7 - сарыуыз без, 8 - аталық жол, 9 - шағылыс мүшесі, 10 - жыныс клоакасы, 11 - жыныс тесігі, 12 - тұқым қапшығы, 13 - аналық без, 14 - статоцист, 15 - хитинді жақ, 16 - жыныс клеткалары


Макростомидтер отряды - Macrostomida. Тұщы су және теңіздің ұсақ турбелляриялары. Қалта тәрізді ішегі болады. Жыныс жүйесі қарапайым. Өзінен үлкен жемтікті жұта алатын жыртқыштар. Негізгі туыстары: Macrostomum және Microstomum. Microstomum lineare тізбек түзу арқылы жыныссыз көбейеді.
Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida. Теңіз жағалауындағы құмда тіршілік етеді. Қапшық тәрізді ішегі және жұтқыншакта орналасқан жұп хитинді жақтары бар. Отрядтың ерекшелігі - тері эпителиясында кірпікше емес, талшықтары бар. Қарапайым түрлерінде нерв жүйесі беткейі орналасқан, протонефридия және біріккен сарыуыз бездері болмайды. Өкілі: Gnathostomula paradoxa (57, Б - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет