Еуропаның
Атлантикалық жағалауларында, оның солтүстік шекарасынан
бастап Жерорта теңізіне дейінгі аралықта кездеседі (73, А - сурет); Tubulatus
және Cephalothrix-тер бүкіл дүние жүзілік мүхиттарда кең тараған; Lineus-тер
Арктикалық және қоңыр салқын суларда тіршілік етеді. Алып немертинаның
(Lineus longissimus) ұзыңдығы 10 метр, кейде 30 метрге дейін, ені 1 см-ден
аспайды, ширатылған денесін тастың астына
жасырып өзінің қорегін
аңдумен болады.
ҚАРУЛАНҒАН НЕМЕРТИНДЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ENOPLA
Тұмсығы бір немесе бірнеше стилеттерімен қаруланған. Ауыз тесігі
денесінің алдыңғы ұшында терминальды орналасқан, церебральды
ганглияның алдында.
Нерв жүйесі паренхима аралығында жатады.
Қаруланбаған немертиндерде болатын
бұлшықеттер бұларда да бар,
бірақ олардан ерекше тағы бір үзына бойы орналасқан және дорзо -
вентральды (арқа -құрсақ) бүлшыкеттер будасы болады.
73-сурет. Немертиндер: A - Cerebratulus; Б - Cerebratulus-тің алдыңғы бөлімі; 1 - тұмсығы,
2
- екі бүйір саңылауы, 3 - ауыз тесігі. В - Nectonemertes; Г - Malacobdella
Бұл класс тармағының өкілдері ұсақ келеді және теңіздің
жағалауларынан бастап оның ең терең түбіне дейін мекендейді.
Теңіздің түбінде тіршілік ететін
Zygonemertes, Amphiporus
туыстарының
өкілдері тастардың астында, жағалаулық аймақта кездеседі,
ұзындығы 10-12 см. Жерорта теңізінде Polystylifera, Арктика суларында
кездесетін Uniporus-тың өкілдері жорғалап тіршілік етуге бейімделген.
Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік
Мұзды мұхитында, Жерорта және тағы
басқа теңіздерде пелагиалық формаларының кездесетіні мәлім. Бұл
құрттардың денесі жалпақтау, қысқа, әйнек тәрізді мөлдір болып келеді,
денесінің артқы бөлігінде немесе бүйірінде
орналасқан қанаттары арқылы
жүзеді. Негізгі туыстары: Pelagonemertes, Nectonemertes, Planktonemertes,
Protopelagonemertes,
Dinonemertes,
Phallonemertes.
Pelagonemertes-тер
1800метрден аса тереңдіктерде кездеседі.
Солтүстік теңіздерінде мекен ететін Malacobdella
туысының өкілдері
паразиттік тіршілік етуге бейім. Бұлардың денесінің артқы ұшында өте күшті
дамыған сорғышы болады. Моллюскалар мен шаянтәрізділердің
(крабтардың) паразиттері (73, Г - сурет).
Сонымен қатар, тұщы суларда да кездесетін екі түрі белгілі, олар
Stichostemma (Prostoma) туысынан Prostoma graecense және Pr.asensoriatum.
Ұзындығы 1-2 см. Еуропа мен Солтүстік Американың өзендері мен
көлдерінде, судағы өсімдіктердің,
тастардың, мүктердің, шіріген
жапырақтардың арасында мекен етеді. Қолайсыз жағдайларды сілекейлі
цистаға оранған күйінде өткізеді. Prostoma graecense Арал теңізінен,
Түркістан аймағынан табылғаны жөнінде Э. Рейзингер еңбегінде жазылған.
Тропикалық және субтропикалық аймақтардың топырақтарында Geonemertes