Олардың 750-ден аса түрі белгілі.
НЕМЕРТИНДЕР КЛАСЫ - NEMERTINI
Құрылысы мен
физиологиясы. Денесі созылыңқы, ұзарып қысқаруға
қабілетті, ұзындығы 1-2 см-ден 2 м-ге дейін, кейде тіпті 30 м-ге де жететін
түрлері кездеседі (Lineus longissimus). Көпшілігінің түсі қаралау, сонымен
қатар жасыл, ала, алқызыл, ашық қызыл, сұрғылт түсті де болады.
Денесін турбелляриялардай сияқты цилиндр тәрізді клеткалардан
тұратын бір қабатты кірпікшелі эпителий жауып жатады. Мұнда көптеген
кілегейлі без клеткалары орналасқан.
Эпителидің астыңғы жағында денеге белгілі тірек болатын және
бұлшықеттерді бекітетін жұқа базальды мембранасы және бұлшықет
талшықтарынан құралған тері-бұлшықет қапшығы
орналасқан.
Бұлшықеттерінің орналасуы - маңызды жүйелік белгісі. Қапшықтың ең
жоғарғы беттерінде сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы созылған
бұлшықеттер орналасқан. Кейбір немертиндерде сыртқы эпителий мен
сақина тәрізді бұлшықет қабатының арасында тағы бір ұзына бойы созылған,
сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттер түйіні болады.
Ішкі мүшелер араларын паренхима толтырып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: