Ас қорыту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен басталып
аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан кейін қысқа
эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодермальды ортаңғы ішекке
жалғасады. Оның екі жағында метамерлы қайталанып тұратын жұп қалташа
тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы ішек эктодермальды артқы ішекке
айналып, ол аналь тесігімен аяқталады (72-сурет). Ac ішектің қуысында және
клетка ішіңде қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы
- немертиндердің ерекше белгісі.
Немертиндер жыртқыш жануарлар. Ұсақ құрттармен,
шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы
арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін улы
сөлдерімен жансыздаңдырады немесе үшкір ине тәрізді стилеттері арқылы
өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш қызметін де атқарады. Ол
денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы - ринхоцелом деп
аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Қуыстың
бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс аударылған қолғап саусағы
тәрізді сыртқа созылып шығады. Созылған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас.
Тұмсық ринхоцелом қуысына ретрактор деп аталатын бұлшықеттің
көмегімен қайта тартылады.
72-сурет.Немертинаның құрылысы: A - ішкі құрылысы; 1 - бас қан тамыры, 2 -
церебральды ганглиясы, 3 - ауызы, 4 - өңеш, 5 - бүйірлі қан тамыры, 6 - арқа қан тамыры,
7 - көлденең қосқыш қан тамырлары, 8 - гонадалар, 9 - жыныс тесігі, 10 - аналь тесігі, 11 -
ішек; Б - алдыңғы бөлімінің ұзына бойғы кесіндісі; 1 - тұмсығы шығатын тесік, 2 - құрсақ
нерв ганглиясы, 3 - ауыз тесігі, 4 - өңеш, 5 - тұмсық, 6 - тұмсық қынабы - ринхоцелом, 7 -
арқа нерв ганглиясы, 8 - эпидермис; В - личинка пилидий; 1 - төбе кірпікшелер шашағы
(сұлтан), 2 - ішек, 3 - эктодерманың өсіндісі, 4 - ауыз алды белдеуі, 5 - ауызы, 6 -
мезенхима