Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA



Pdf көрінісі
бет142/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA
Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, 
гермафродита, жыныс сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар, 
личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: 
азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA
Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда 
тіршілік ететін гермафродит буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің 
алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм-
ден 3 метрге дейін (Megascolides australis-та). Сегменттері біркелкі 
(гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында 
-
простомиумда көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. 
Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек орналасқан 
қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. 
Әрбір сегменттінде 8 дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында 
жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі - пигидиум орналасқан. 
Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без 
клеткаларына бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің 
астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, іші - тығыз орналасқан ұзына 
бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады (96, А-
сурет). Кең, жақсы дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ 
мезентериімен бөлінген. Аркд мезентериясы жоқ. Іш қуысы целотелимен 
астарланған.
96-сурет. Жауын құртының (Lumbricus terrestris) құрылысы: A - тері-бұлшықет 
қапшығының құрылысы; 1 - эпителий қабаты, 2 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 3 - ұзына 
бойы бұлшықеттері, 4 - соматоплевра; Б - ішкі құрылысы; 1 - жұтқыншақ, 2 - өңеш, 3 - 
сақина қан тамыры, 4 - жемсау, 5 - қарын, 6 - метанефридия, 7 - ортаңғы ішек, 8 - арқа қан 
тамыры, 9 - тұқым қапшығы, 10 - тұқым қабылдағышы, 11 - диссепимент, 12 - жұтқыншақ 
үсті ганглиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет