бетін ұлғайтып, қорек сіңіргіш қызметін жақсартады. Олигохеттердің негізгі
қорегі өсімдік қалдықтары және детрит.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан
нефридиялардан тұрады. Құрылысы көпқылтанды құрттар жүйесіне үқсас.
Ортаңғы ішекгің және қан тамырларының
сыртқы бетін жауып тұратын
хлорагогенді клеткалар да зәр шығару қызметін атқарады. Хлорагогенді
клеткалардың ыдырау
өнімдері бір-біріне қосылып, жабысып "коңыр
денешіктерді" түзейді, бұлар целом қуысына өтеді де, ерекше арқа поралары
арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныс алуы бүкіл денесімен өтеді. Терісіндегі капиллярлар тығыз тор
түзейді де, газ алмасуды қамтамасыз етеді.
Қан айналу жүйесі көпқылтандылардың жүйесіне ұқсас: арқа және
құрсақ қан тамырларынан тұрады. Әрбір сегментінде осы негізгі тамырларды
жалғастыратын сақиналы тамырлары болады. Дененің алдыңғы бөліміндегі
(7-13-ші сегменттердің тұсында) сақина
қан тамырлары жуандау болып
келеді және олар бұлшықеттің жиырылуы арқылы арқа тамырындағы қанды
денесінің артқы жағынан алдыңғы бөлігіне айдап отырады,
сондықтан,
оларды бүйір немесе "сақиналы жүрек" деп те атайды. Негізгі қан
тамырларынан және сақиналы тамырларынан капиллярлар тарайды. Олар
ішекті торлап жатады. Ішектен қорытылған заттар капиллярлар арқылы қанға
өтіп бүкіл денеге таралады. Қан айналу жүйесі тұйық.
Жауын құртының
қанында еріген гемоглобин болады, сондықтан оның қаны қызыл түсті.
Нерв жүйесі барлық буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті,
жұтқыншақ асты ганглиядан, жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және
құрсақ нерв тізбегінен құралған. Нерв түйіндерінен денесінің бөлектеріне
нервтер таралады.
Достарыңызбен бөлісу: