найдоморфа Naidomorpha және люмбрикоморфа - Lumbricomorpha.
Найдоморфа отряды - Naidomorpha
Бұл отрядқа тұщы суларда
тіршілік ететін Aeolosomatidae, Naididae,
Tubificidae тұқымдасының өкілдері жатады. Enchytraeidae-лар топырақта кең
тараған.
Тұщы суда мекендейтін түрлері су түбінде жорғалап немесе інге кіріп
тіршілік етеді. Tubificidae тұқымдасының өкілдері (Tubifex tubifex) тұнбаның
ішіне, 50-100 мм тереңдігіне бас жағын кіргізіп алып, денесінің артқы бөлігін
судың бетіне шығарып бір қалыпты теңселмелі қозғалыс жасайды. Бұлар су
түбіндегі тұнбамен қоректеніп,
ішегінен өткізіп, оның құнарлылығын
арттырады. Tubifex-тер өзендерде, көлдерде кең тараған және жиі кездесетін
жануарлар. 1 м
2
- жерде мыңнан астам особьтары кездеседі. Балықтардың
жемі ретінде және суды шіріктерден тазарту жағынан маңызы зор.
Enchytraeidae тұқымдасының өкілдері де топырақта кең тарап, жиі кездесетін
құртгар. Топырақты ішегінен өткізіп оның құнарлылығын арттырады.
Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha
Бұл отрядқа негізінде топырақта
тіршілік ететін Lumbricidae
тұқымдасының Lumbricus, Eusenia, Allolobophora,
Dendrobaena туыстары
жатады. Тропикалық топырақтарда Megascolecidae тұқымдасының ірі түрі
Megascolides australis кездеседі және Branchiobdellidae тұқымдасының
өкілдері шаянтәрізділердің паразиттері болып келеді.
Топырақта тіршілік ететін Lumbricidae
жауын құрттарының ауыл
шаруашылығында алатын маңызы зор. Олар топырақта індерін қазып,
өсімдік тамырының топыраққа еркін жайылуына ықпалын тигізеді, судың,
ауаның топыраққа еркін өтуін реттейді. Індерін
қаза отырып топырақтың
астыңғы қабатын жоғары бетіне көтеріп, қопсытып араластырады. Алға
жылжи жүре топырақты жұтып алып, ішегінен өткізіп, сыртқа копролит деп
аталатын нәжістерін шығарады. Олар топырақты қарашірікке байытады. 1
гектар жердегі құрттар жылына 10-30
тоннаға дейін топырақты
құнарландырады. Сонымен қатар,
індеріне жапырақ, шөп, өсімдіктердің
қалдықтарын тасып,
олардың тез шіріп, гумусқа айналуына әсер етеді.
Жауын құрттары топырақтағы процестерге күшті әсер етеді. Жауын
құрттары басқа жануарларға да жем.
Жауын құрттарының топырақ үшін маңызын, биологиясын, тіршілігін
алғашқы рет Ч. Дарвин "Жауын құрттарының әрекеттерімен жердің өсімдік
қабатының пайда болуы және олардың тіршілік ету әрекеттерін бақылау"
(1881) деген еңбегінде көрсеткен.
Достарыңызбен бөлісу: