Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІ - ARTHROPODA



Pdf көрінісі
бет157/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   218
БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПІ - ARTHROPODA
Жануарлар дүниесіндегі жер жүзінде кең таралған және түрлерінің 
саны жағынан ең көбі - буынаяқтылар типі. Олардың 2,5 миллионнан астам 
түрі бар. Жануарлар жүйесіндегі қалған 22 типтің түр саны буынаяқтыларға 
жетпейді.
Буынаяқтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар 
және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі - 
аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп аталатыны да 
осыдан. Олар екі жақты симметриялы және гетерономды сегменттелген 
жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе 
бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың 
ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына 
бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, 
сондықтан буынаяктылардың өсуі түлеу арқылы өтеді. Бұлшықеттері 
көлденең салалы - жолақ, тез жиырыла алады.
Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы 
дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп 
тұрады. Даму кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, алғашқы даму - 
проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму - гемиметаморфоз, толық 
түрленіп даму - голометаморфоз, жеткіліксіз даму - гипоморфоз, күрделі 
даму - гиперметаморфоз.


Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық 
су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті 
ауада да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік 
тіршілік ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар - 
адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы 
ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің және орман 
шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жағынан буынаяқтылар азық-
түлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді 
тозаңдандыруға қатысады, топырақ құнарлылығын арттырады және өздері 
адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам 
тамаққа да пайдаланады.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар 
- Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha, хелицералылар - 
Chelicerata, кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.

ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA

ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA

ТРИЛОБИТТӘРІЗДІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - TRILOBITOMORPHA

ТРИЛОБИТА КЛАСЫ - TRILOBITA 

ХЕЛИЦЕРАЛЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - CHELICERATA

СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA

АЛЫП ҚАЛҚАНШАЛЫЛАР КЛАСЫ - GIGANTOSTRACA

ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - ARACHNIDA 

КЕҢІРДЕКПЕН
ТЫНЫС АЛУШЫЛАР ТИП
ТАРМАҒЫ

TRACHEATA

КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - MYRIAPODA

НАСЕКОМДАР НЕМЕСЕ АЛТЫАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - INSECTA,
S.HEXAPODA
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда буынаяқтылардың арғы тегі 
көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta) екендігіне күмән жоқ. Оларды 
байланыстыратын ұқсастық белгілері өте көп: үш қабатты, екі жақты 
симметриялылар, екеуінің де денелері сегменттелген және кутикула 
қабатымен қапталынған, жылжу (локомоторлы) мүшелері метамериялы 
орналасқан, ішкі мүшелерінің құрылысы (ас қорыту, нерв жүйесі т. б.), даму 
жолдары да бірдей. Осы ұқсастықтарына қарай 1817 жылы француз ғалымы 
Ж. Кювье буылтық құрттар (Annelida) мен буынаяқтылар (Arthropoda) типін 
Articulata деген бір топқа біріктірген. Сонда да, буынаяқтылар типінің 
буылтық құрттармен салыстырғанда олардың өзіне тән біраз күрделі ерекше 
белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет