Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет158/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   218
БУЫНАЯҚТЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Буынаяқтылардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, буылтық 
құрттарға қарағанда құрылысы өте күрделі. Ол үш қабаттан тұрады: 


астыңғысы - өте жұқа аморфты базальды мембрана, оның үстінде бір қатар 
эпителиальды клеткалардан құралған гиподерма - тірі қабаты және 
гиподерма клеткаларының бөлінуінен (өлген клеткалардан) пайда болған - 
нағыз кутикула қабаты. Кутикула гиподерманың туындысы. Оның өзі үш 
қабатқа бөлінген: гиподермамен жанасып жататын - эндокутикула, содан 
кейін экзокутикула және эпикутикула. Эпикутикула ең жоғарғы қабат, 
липидтерге, балауызға өте бай, ішкі денедегі ылғалды сыртқа шығармай 
жануарды кеуіп кетуден сақтайды, сондықтан суда тіршілік ететін 
буынаяқтыларда бұл қабат дамымай, тек құрлықта тіршілік ететін 
буынаяқтыларда жақсы дамыған. Экзокутикула мен эндокутикула қабаты 
суларға, минералды тұздарға, органикалық заттарға және әр түрлі түс беретін 
ферменттерге бай, сондай-ақ олардың құрамында хитин заты көп. 
Буынаяқтылардың сыртқы қабатын хитинді кутикула деп атайды. Хитин - 
өспейтін, созылмайтын, ешбір қышкылдарда, майларда, спирттерде, 
сілтілерде және органикалық ерітінділерде ерімейтін өте берік зат. Хитин 
(французша chitine, грекше chiton - тері, қабық) деген термиңді, 
насекомдардың қатты кутикула қабығын зерттеп, 1823 жылы француз 
ғалымы Л. Одье ұсынды. Хитин - полисахаридтер тобындағы табиғи 
қосынды, ұзын полимерлер бір-бірімен Р-1,4 гликозоидты байланыстармен 
жалғасқан, N-ацетилглюкозаминдерден тұрады.
Хитин кутикуланың, яғни сыртқы қаңқаның негізгі қосындысы, 
дененің қаттылығын қамтамасыз етіп қорғаныш және тірек қызметтерін 
атқарады. Буынаяқтылардың кутикуласында ғана емес, сондай-ақ басқа 
жануарлардың қаңқа құрылымдарында да кездеседі. Хитинді тек хитиназа, 
лизоцим ферменттері N-ацетилглюкозаминге дейін ыдыратады. Олар кейбір 
бактерияларда, топырақ амебалардың ас қорыту ферменттерінің арасында, 
кейбір ұлуларда және буынаяқтыларда (түлеу кезінде) табылды.
Хитиннің осындай қасиеттеріне байланысты барлық буынаяқтылардың 
денесінің өсуі түлеу арқылы жүреді. Түлеу кезінде арнайы ішкі секреция 
эндокриндік бездері, яғни проторакальды бездері экдизон деген затты бөліп, 
сол экдизон хитинді ерітеді де, кутикула жарылып жануар ескі жабыңдысын 
тастап түлеп шығады да, денесі бірнеше сағат ішінде өте жылдам өсіп, 
кутикуласы қатайып осы қалпында келесі түлегенше өмір сүре береді. Біраз 
буынаяқтылардың кутикуласы ізбестермен және қатқан белоктармен 
безендіріліп, қатты болып келеді, мысалы, өзен шаянының, крабтың, 
қоңыздардың т. б.
Хитинді кутикула бөлшектеніп дененің әрбір сегменттерінде қабыршақ 
немесе тақта ретінде орналасады, сол тақталардың барлығын склерит деп 
атайды. Олар орналасуына қарай дорза (латынша dorsalis - арқа) немесе 
үстіңгі тергит деп аталатын тақталарды құрайды, венгра (лат. уепігаіів - 
қүрсак) немесе төменгі стернит деп аталатын және екібүйіріндегі - плейрит 
тақталарын құрайды. Барлық склериттер бір-бірімен жұқа жарғақшалар 
арқылы бірігеді. Склериттер дененің сыртына қарай бағытталған көптеген 
қылтан тәрізді өсінділерді, ал ішке қарай қатпарларды түзейді. Қатпарларға 
бұлшықеттері және кейбір ішкі мүшелері бекінеді. Сөйтіп, буынаяқтылардың 


хитинді кутикуласы дене жабыны, сыртқы қанқасы болып, ішкі ылғалды 
сыртқа шығармай, денені әр түрлі механикалық, химиялық әсерлерден 
қорғайды, әрі тірек қызметін атқарады.
Буынаяқтылардың денесі сегменттелген, сегменттері буылтық 
құрттардікіндей гомономды (біркелкі) емес, әркелкі болып келеді де 
гетерономды (грекше heteros - басқа, nomos - заң) сегменттер деп аталады. 
Тек кейбір төменгі сатыдағы буынаяқтыларда (шаянтәрізділерде, 
көпаяқтыларда) гомономды сегменттері сақталған. Гетерономды сегменттер 
атқаратын қызметтеріне сай өзара бірігіп, бір типті сегменттерді құрайды, 
оларды тагма немесе бөлім деп атайды.
Буынаяқтылар денесінің сегментгері әдетте үш бөлім немесе үш тагма 
құрайды - бас (cephalon), кеуде (thorax) және құрсақ (abdomen). Көп жағдайда 
сегменттерінің жіктелуі түрліше, мысалы, бас пен кеуде сегменттері бір-
бірімен тұтасып баскеуде бөлімін құрайды, сонда жануардың денесі бас, 
кеуде және құрсақ бөлімнен тұрады. Бұл шаянтәрізділер мен 
өрмекшітәрізділерге тән, бас және тұлға - көпаяқтыларға тән, ал 
насекомдардың денесі бас, кеуде және құрсақ тагмасына айқын бөлінген.
Буынаяқтылардын дене сегменттерінің саны әр түрлі систематикалық 
топтарда әр түрлі, тек бастың сегменттер құрамы тұрақты. Басы акроннан 
және төрт сегменттен құралады. Акрон арғы тегінің бас қалқаншасы немесе 
простомиумы (prostomium - ауыз алды сегмент). Акронда сезім мүшелері: 
антенна немесе мұртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше 
қарапайым құрылысты көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділердің 
антеннасы жоқ. Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімін 
құрайды. Бас бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale 
- бас) процесі деп атайды.
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау, 
майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе 
ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ - мандибула және астыңғы 
жақ - максилла I-ші мен максилла ІІ-ші. Максилла Н-ні астыңғы ерін деп те 
атайды.
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп 
аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа (локомоторлы) бейімделген. 
Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтары 
құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық 
жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, 
тек өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған 
жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал аталықтарыңда жыныс өнімін аяғына 
құйып сақтауға бейімделген.
Буынаяктылардың аяқтары арғы тегінің параподия деп аталатын 
жалған аяқтарынан дамып, эволюция барысында атқаратын қызметіне сай 
бірнеше буындарға мүшеленген (типтің аты да осыған байланысты). Аяқтары 
өз сегментінде қозғалмалы түрде орналасқан.
Буынаяқтыларда арғы тегінің тері-бұлшықет қапшығы барынша 
жіктеліп, бөлініп, шоғырланған бұлшықеттерге айналған. Олар көлденең 


жолақты, жиырылып босаңсуы арқылы мүшелерді қозғалысқа келтіреді, 
ұштарымен хитинді кутикуланың ішкі өсінділеріне тіркелген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель. Ұрықтық 
даму кезіңде бұларда екінші реттік қуыс, яғни целом пайда болады да, кейін 
целомның арнайы перитонеальды эпителий қабаты әр жерден еріп, сонда 
екінші реттік қуыстың сұйық заты бірінші реттік қуыстың қалдық сұйығымен 
араласады да, миксоцель қуысына айналады, оның қызметі - тірек, 
тасымалдау және қор жинау.
Ас қорыту жүйесінде буылтық құрттардікі сияқты үш бөлімі бар: 
алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек. Алдыңғы және артқы ішегі 
эктодермальды, ішкі жағынан хитинді кутикуламен, ал ортаңғы - 
энтодермальды ішегі безді эпителиальды клеткалармен астарланған. Ас 
қорыту жүйесіне түрліше ферменттер бөлетін қосалқы бездері де жатады.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген 
метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде - Мальпиги түтігі түрінде 
болады. Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды 
бездер (өрмекшітәрізділерде), Мальпиги түтікшелері (насекомдарда, 
көпаяқтыларда, кейбір өрмекшітәрізділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу 
мүшелері желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаянтәрізділер 
суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. Желбезектері - 
аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. Құрлықта тіршілік 
ететін өрмекшітәрізділер өкпе және трахея арқылы тыныс алады. Өкпелері 
шаянтәрізділердікіндей аяқтарының эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің 
ішіне қарай тартылып орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді 
кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір 
жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады. 
Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар - 
трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Қан айналу жүйесі - көпкамералы жүректің пайда болуымен 
ерекшеленеді, ол перикардия (грекше peri - төңірегінде, айнала; kardia - 
жүрек) деп аталатын жүрек қабы ішінде орналасқан. Жүректен шыққан қолқа 
және артерия қан тамырлары дене бөлімдеріне тарап, сол жерде үзіледі де 
қан аралас (миксоцель) қуысына құйылады. Қуысқа құйылған қан сондағы 
сұйықтықпен араласып гемолимфаға (қан клеткалары мен ткань аралық 
сүйықтыққа) айналады. Сондықтан да буынаяқтылардың қан айналу жүйесі 
ашық және қаны гемолимфа деп аталады. Гемолимфа түссіз, кейде 
сарғыштау немесе жасыл түсті, қорытылған заттарды тасымалдайды, зат 
алмасу процесінде пайда болған несеп заттарды зәр шығару мүшелеріне 
жеткізеді, ішкі қысымды қалыпты деңгейде сақтайды.
Буынаяқтылардың нерв жүйесі буылтық құрттардікіндей жұтқыншақ 
үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы 
және ұзына бойлық ганглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. 
Бірақ, буылтық құрттарға қарағанда буынаяқтылардың нерв жүйесі 
күрделірек. Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен тұрады: 


протоцеребрум - алдыңғы; дейтоцеребрум - ортаңғы; тритоцеребрум - артқы. 
Дейтоцеребрум бөлімі тек кана мұртшаларды нервтендіреді, сондықтан 
өрмекшітәрізділер класының өкілдерінде мұртшаларының жойылуына 
байланысты мидың аралық бөлімі дамымаған.
Буынаяқтылардың нерв жүйесінің тағы бір ерекшелігі - орталық нерв 
жүйесімен қатар шеттік (немесе перифериялық) және симпатикалык (немесе 
висцеральдік) нерв жүйелерінің болуы. Шеттік нервтер тері жамылғысының 
бұлшықеттердің, сезім мүшелердің, ал симпатикалық - ішкі мүшелердің 
жұмысын реттейді.
Нерв жүйесінің күрделенуіне байланысты буынаяқтылардың сезім 
мүшелері де жақсы дамыған. Олар: күрделі немесе фасеттік көздер, 
қарапайым көзшелер, иіс, дәм сезу, есту мүшелері. Осылардың көмегімен 
организм сыртқы ортадан келетін алуан түрлі тітіркеңдірулерге жауап 
қайтару қабілеттілігін дамытып үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға 
икемделу жағдайын жасайды, яғни тіршілік әрекетін жасайды.
Буынаяқтылар тек қана жынысты жолмен көбейеді, көпшілігі дара 
жыныстылар, жыныс диморфизмі айқын. Жыныс жүйесі құрсақ бөлімінде 
орналасқан. Аналықтарында жұп жыныс бездері, олардан шыққан екі 
жұмыртқа шығарғыш жолдары қосылып жатын және қынапқа айналады да, 
жыныс тесігімен бітеді. Аталықтарының жұп ұрық бездерінен шыққан жұп 
ұрық шығарғыш жолдары бір-бірімен қосылып ұрық шашу түтігіне және 
шағылыс мүшесіне жалғасады. Жыныс жүйесіне жататын қосалқы бездері де 
бар, олар - ұрық қабылдағыштар, иіс шығару, жұмыртқаны субстратқа 
жабыстыру, жұмыртқа пілләсін жасау үшін секреттерді бөліп шығаратын 
бездер.
Ұрықтануы іштей, дамуы жұмыртқаның ішінде (эмбриональдық) және 
жұмыртқадан шыққаннан кейін (постэмбриональдық) өтеді.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінген: желбезектыныстылар 
-Branchiata; трилобитгәрізділер - Trilobitomorpha; хелицералылар - 
Chelicerata; трахея немесе кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет