Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA



Pdf көрінісі
бет159/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218
ЖЕЛБЕЗЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ - BRANCHIATA
Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, арғы тегімен тығыз 
филогенетикалық байланысы бар алғашқы буынаяқтылар. Желбезектері 
арқылы тыныс алады (тип тармақтың да аты осыдан). Олар, түрліше пішінді 
келген, аяқтарының түрі өзгерген эпиподит өсінділері.
Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары бар, яғни антеннулалары мен 
антенналары немесе антенна I және антенна II. Осыған байланысты тип 
тармақтың екінші атауы - қосантенналылар немесе диантенналылар - 
Diantennata. Осы тип тармағына бір ғана шаянтәрізділер класы - Crustacea 
жатады.
ШАЯНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CRUSTACEA


Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су 
қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты (су 
түбінде мекендейтін), планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін 
түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, 
дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері 
оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.
Денелерінің ұзындығы 1-2 мм-ден 80 см-re дейін. Шаянтәрізділер басқа 
буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі 
жұп мұртшалары: акронның өсінділері - антеннулалары (antennula) және 
денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары - антенналары (antenna) 
болады. Соған орай оларды антенна I және антенна II деп атайды. Екіншіден, 
тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы 
сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит (protopodit) пен базиподит 
(basipodit) және екі буындалған бұтақтан - экзоподит (exopodit) және 
эндоподиттен (endopodit) тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу 
қызметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері (epipodit) бар (99-
сурет). Бірақ, эволюция барысында аяқ құрылысының мұндай бастапқы типі 
елеулі өзгерістерге ұшырағандықтан аяқтары көбінесе бір бұтақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет