Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет182/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

111-сурет. Онаяқты шаяндар: A - кәдімгі креветка (Crangon crangon); Б - Норвеж омары 
(Nephros norvegicus); В - тақуа шаян (Pagurus setosus) актинияларды арқасына қондырған; 
Г - тақуа шаян (Pagurus setosus); Д - тас крабы (Cancer pagurus) жатады.
Бұлардың лангустар сияқты құрсағы ұзын, аяқтары жүзіп жүруіне 
жарамайды. Аналықтары жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына жабыстырып, 
ұрпақтары дамып шыққанша өзімен алып жүреді. Аталықтарында құрсақ 
аяқтарының 1-2 жұбы шағылыс мүшесіне айналған. Кеудесінің алдыңғы 
жүру аяқтарының ұшында үлкен қысқышы бар, ол жемтігін ұстауға, оны 
жұлуға, жауынан қорғануға және денесін тазартуға арналған. Негізгі 
өкілдері: Еуропалық омар (Homarus gammarus) ұзындығы 65-см-ге дейін, 
салмағы 11 кг-ға дейін, Америка омары (Н. americanus); жалпақ саусақты 
шаян (Astacus astacus) және жіңішке саусақты (A. leptodactylus). Қазақстан 
Қызыл кітабына Түркістан шаяны (A. kesslert) тіркелген.
Жұмсақ құйрықты шаяндардың құрсақ бөлімі нашар дамыған, 
ассиметриялы және жұмсақ нәзік болып келеді. Осыған байланысты шаяндар 
нәзік денесін қорғау үшін бауыраяқты моллюскалардың бос бақалшағын 
пайдаланып, оның ішіне құрсағын жасырады да, оны тастамай көтеріп 
жүреді. Бұларға тақуа шаяндар (Paguridae) тұқымдасының өкілдері жатады. 
Мысалы, тақуа шаяндар (Pagurus prideauxi, P. bernhardus) актиниялардың 
Sagartia туысының өкілдерімен селбесіп тіршілік етеді. Актиния шаянды 
жауынан қорғайды, қорегін табуына көмектеседі, ал шаян оны бір орыннан 
екінші орынға ауыстырып, қоректік затты аулауына мүмкіндік туғызады.
Жұмсақ құйрықтылар тобындағы шаяндардың кейбір түрлері құрлықта 
да тіршілік етуге бейімделген. Олар Жерүсті тақуа шаяндар (Coenobita) 
туысының өкілдері және қарақшы-краб (Birgus latro), камчат-крабы 
(Paralithodes camtschatica). Жерүсті тақуа шаяндар өзінің нәзік құрсағын 
құрлықтағы бауыраяқты моллюскалардың бос бақалшағына салып оны 
тастамай көтеріп жүреді. Қарақшы - краб (Birgus latro) Тынық және Үнді 
мұхиттарының кейбір аралдарында теңізден алшақ жерде аса терең емес 
індер қазып одан тек түнде ғана шығады. Ол тропикалық өсімдіктердің 
майлы жемістерімен қоректенеді. Жұмыртқадан личинка шығар кезде 
аналығы теңізге көшеді. Личинкалар бірнеше ай планктонды тіршілік етеді 
де, кейін су түбіне шөгіп моллюскалардың бақалшақтарын тауып ішіне кіреді 
де, осындай түрінде олар құрлыққа шығып, біраздан кейін бақалшағын 


тастап ересек түріне айналады. Камчат крабы - (Paralithodes camtschatica) 
кәдімгі крабтарға ұқсас, бірақ та олардың алға карай иілген құрсағы жұмсақ, 
асимметриялы. Моллюскалардың бақалшағын ешқашан пайдаланбайды. 
Карапаксы жақсы дамыған, жүректәрізді, көлемі 26 см-ге дейін жетеді. Кеуде 
аяғының соңғы жұбы қысқарып, карапакстың бүйір қақпағының астына 
иілген, сөйтіп желбезекті тазалау қызметін атқарады. Жапон, Охот, Беринг 
теңіздердің жағалауларыңда кездеседі.
Келте құйрықтылар немесе крабтардың (Brachyura) құрсағы 
келтеленген, сегменттерінің саны азайған, симметриялы құрылысты және 
баскеуде бөлімінің астына иіліп жатады. Мұртшалары қысқа, карапаксы 
жалпақ, дорзовентральді бағытта қысыңқы. Кеудесіндегі алдыңғы жүру 
аяқтарының ұшында үлкен қысқышы бар. Бұларға теңіз крабтары Carcinus, 
Caneer, тұщы су крабтары Potamon, Егіосһег және құрлықта тіршілік ететін 
Uca туыстарының өкілдері жатады.
Онаякты шаяндардың практикалық маңызы зор. Олардың көбісі бағалы 
тамақ өнімі ретінде қолданылады. Мысалы, өзен шаяндары (Potamobius, 
Astacus), омарлар (Homarus), лангустар (Palinurus), креветкалар (Crangon, 
Pandalus) және крабтар (Cancer, Callinestes). Бұрынғы КСРО-да орасан ірі 
камчат крабынан (Poralithoides camtschatica) консервілік өнімдер даярлайтын 
крабоконсервілік өнеркәсіп күшті дамыған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет