Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС



Pdf көрінісі
бет173/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   218
МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС 
ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA
Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік ететін 
шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан сүзіп алуына 
бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. Кеуде аяқтары қозғалу 
немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару және су ағындарының қозғалысын 
реттеу қызметін атқарады. Олар ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де 
шайнағыш өсінділері болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ. 
Максиллоподалар класс тармағы 5 отрядқа бөлінеді: миста-
кокаридалар - Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар - Copepoda, тұқы балық 
биттер - Branchiura, мұртаяқты шаяндар - Cirripedia, қапкеуделі шаяндар - 
Ascothoracida.
Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida
Мистакокаридалар да цефалокаридалар сияқты шаянтәрізділердің 
қарапайым құрылысты тобын құрайтын, теңіз құмайт жағажайында, теңіз 
суы сіңірілген құм түйіршіктерінің арасындағы жіңішке кеңістіктерде 
мекендейтін псаммофил (грекше psammos - құм, fileo - сүйіспеншілік) 
жануарлары. Ұзындығы 0,5 мм-ге дейін, созылыңқы, цилиндр тәрізді. Денесі: 
басы - протоцефалоннан; буындалмаған жақкеудеден (мандибула, максилла I, 
максилла II және екі алдыңғы кеуде сегменттерінен құралған); буындалған 4 
кеуде және 6 құрсақ сегменттерінен тұрады. Құрсағының соңы айыршамен 
біткен. Протоцефалонда антеннула және антенна мұртшалары, жақкеуде 
бөлімінде - үш жұп ауыз және екі жұп жақаяқтары, кеуде сегменттерінің 
әрқайсысында буындалмаған, рудиментті аяқтары орналасқан, ал құрсақ 
сегментінде аяқтары жоқ.
Мистакокаридалардың негізгі ерекшелігі
-
антенналары, 
мандибулалары,
I-ІІ-ші максиллалары ұзын, екі бұтақты, олар 
жақаяқтарымен қосыла қозғалыста болады, субстраттан итерілетіндей етіп 
барлық аяқтарын жұмсайды. Бұтақталмаған антеннулалары қозғалысқа 
қатыспай, ылғи алға қарай бағытталып, жолыңдағы құм түйіршіктерін сипап 
сезеді.
Ұсақ органикалық бөлшектермен қоректенеді, оларды ауыз және 


жақаяқтарының ішкі шеттеріндегі қылтандарының көмегімен ауыз тесігіне 
жеткізеді.
Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, 9 рет түлеуден кейін ересек 
түріне айналады.
Мистакокаридалар 1943 жылы ашылған, қазіргі кезде Derocheilocaris 
туысына жататын 7 түрі белгілі. Атлант мүхитының Америка, Африка, 
Еуропа және Жерорта теңіздік құмайт жағажайынан табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет