Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет172/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

107-сурет. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: А - Daphnia pulex; 1 - антеннула, 2 - 
антенна, 3 - науплиус көз, 4 - күрделі (фасеттік) көз, 5 - максиллярлы без, 6 - бауыр 
есіндісі, 7 - бұлшықеттері, 8 - жүрек, 9 - ішек, 10 - ұрпақ шығару камерасы, 11 - аналық 
без, 12 - жұмыртқалар, 13 - кеуде аяқтары; Б - Cyclops strenuus (аналығы); 1 - антеннула, 2 
- антенна, 3 - көзше, 4 - баскеуде, 5 - кеуде сегменттері, 6 - бірінші құрсақ сегменті, 7 - 
жұмыртқа қапшығы, 8 - ішек, 9 - аналық, без, 10 - бұлшықеттері, 11 - айырша (furca)
ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA
Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайы тобын 
құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. Ұзындығы 
2,8-3 мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 10 сегментті 
кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан тұрады. Құрсағының 
соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыршасы бар. Шөгіндіде көміліп 
тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. Ең негізгі қарапайым белгілері: 
антенналары ауыздың артқы жағында орналасқан (бұл белгі 
шаянтәрізділердің науплиус личинкаларына тән); мандибулалары 
дамымаған, ал келесі бас аяқтары - максилла I және максилла II құрылысы 
және атқаратын қызметі жағынан кеуде аяқтарына өте ұқсас, яғни олар 
протоподиттен, екі бұтақ экзоподит пен эндоподиттен және желбезекгі өсінді 
эпиподит буындардан тұрады, сондай-ақ кәдімгі екі бұтақты кеуде 
аяқтарынан ерекшеленбеген және сол аяқтарымен қозғалады, тыныс алады, 
әрі қоректік бөлшектерді аузына жеткізеді. Аналығы жұмыртқаларын кеуде 
сегменттерінің ең соңғысындағы жұмыртқа қапшығына салады.
Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет түлеуден 
кейін ересек түріне айналады.
Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа 
жататын 9 түрі белгілі. Ең бірінші өкілі Hutchinsoniella macracantha Атлант 
мұхитының АҚШ-тың жағалау бөлігінде, қалған түрлері Солтүстік 


Американың шығыс және батыс жағалауларынан, Жапон аралдарынан, 
Барбадос, Пуэрто-Рико, Бразилия, Перу, Жаңа Зеландия жағалауларынан 
табылған.
Цефалокаридаларда барлық шаянтәрізділердің арғы тегіне тән бірқатар 
белгілері сақталған: антенналары ауыздың артқы жағында орналасуы; бас 
бөліміндегі екі соңғы сегментінің аяқтары - максилла I және максилла II ауыз 
мүшелеріне айналмай, құрсақ аяқтарының құрылысын сақтап қалуы. 
Цефалокаридалардың аяқ құрылысы Anostraca және Phyllopoda өкілдерінің 
аяқтарына ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет