Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет154/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Жыныс жүйесі. Гонада біреу, ол денесінің артқы бөлігінде құрсақ 
жағында орналасқан. ВогіеІІіа және Hamingia туыстары арасында жыныстық 
диморфизмі байқалады. Аналық ВопеШа ірі (10-15 см), тұмсығы ұзын. 
Аталық ВопеШа-ны А. О. Ковалевский ашқан. Олардың денесі 
кірпікшелермен қапталған, өте ұсақ (1-3 мм) қарапайым құрылысты құрттар. 
Аузы, аналь тесігі, аналь қапшығы, қан айналу жүйесі жоқ. Ішегі 
тұйықталған. Сперматозоидтарын тұқым қапшығы және кірпікшелі 
нефридиальды воронка арқылы сыртқа шығарады. Аталығының өмірі өте 
қызық. Олар алғашқыда аналығының тұмсығының беткей жағында жылжып, 
кейін алдыңғы ішегіне енеді де, аналығының нефридия түтігіне өтіп, сол 
жерде аналықтарының жетілген жұмыртқаларын өтуін күтіп ұзақ уақыт 
жатады. Біраз уақыт бойы бұл құрттарды аналықтардың паразиті деп санаған. 
А. О. Ковалевскийдің (1870) зерттеуі бойынша эхиуридттердің аталығы екені 
ашылған.
Ұрықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі полихеттердей спиральды 
детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда болады. 
Личинканың екі мезодермальды жолағы сегменттелмей тез өсіп, тұтас 
целомды құрайды. Трохофора планктонда еркін жүзіп жүреді де, 
метаморфоздан кейін теңіз түбіне орнығады.
Тәжірибеде Bonellia личинкаларының жынысын анықтауға өсу 
ортасының әсері анықталды. Личинкаларды жеке баққанда, олардан тек 
аналықтары қалыптасады, егерде, личинкаларды ересек аналықтарымен бірге 
бақса, олар аналығының тұмсығына өтіп, метаморфозға ұшырап, аталық 
түрлеріне айналады. Аталықтарының дамуы, аналықтарының тұмсығынан 
бөлініп шығарылатын жасыл пигменті бар сілекейдің әсері. Сілекейден 
экстракт жасауға болады, оның ерітіндісі личинканың аталық түріне 
айналуына әсер етеді. Осылайша, ВопеШа-ның жынысы метагамды кезеңде, 
яғни жыныс клеткасы ұрықтанған соң анықталады.
СИПУНКУЛИДТЕР КЛАСЫ - SIPUNCUUDA
Теңіздерде, су түбін қазып немесе бос құбырларда, өзге жануарлардың 
қабыршағында тіршілік ететін құрт тәрізді жануарлар. Бұлар эхиуридтер 
тәрізді сегменттелмеген, целомды жануарлар. Денесінің алдыңғы бөлігі ішке 


қарай тартыла алатын тұмсыққа айналған, оның ұшында қысқа 
қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі орналасқан. Денесінің арқа 
жағында, тұмсықтың біршама артында аналь тесігі ашылады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде кездеседі. 250 түрі бар. Олардың 
орташа мөлшері бірнеше сантиметр, ең ірілері 51 см-ге жетеді (Siphonomecus 
multicinctus).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет