кейбіреулерінде бірталай ұлғайып 100-200-ге дейін жетеді (Ikeda tenioides-
те). Нефромиксиялар несеп
заттарды шығаруымен қатар, жыныс
клеткаларында шығарады.
Қан айналу жүйесі арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. Екеуі
де денесінің артқы жағында екі сақиналы қан тамырымен жалғасады. Арқа
қан тамыры
тұмсығына өтіп, одан шығарда құрсақ қан тамырына ұласады.
Нерв жүйесі нашар дамыған, тек құрсақ
нерв бағанасынан және
жұтқыншақ айнала сақинасынан тұрады. Нерв клеткалары нерв бағана
бойында шашыраңқы орналасып, нерв түйіндерін түзбейді, тіпті жұтқыншақ
айнала сақинасы да ганглиозды ұлғаймаған.
Теріде орналасқан сезім
клеткаларынан басқа сезім мүшелері жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: