аутотомия екендігін көрсетеді). Соған байланысты оларды пішеншілер деп
атайды. Денесінің ұзындығы 1-22 мм.
Құрсағы 9-10 сегментті, негізгі кең буыны арқылы баскеуде бөлімімен
байланысқан.
Хелицералары қысқыш тәрізді. Түтікшелі трахеялары арқылы тыныс
алады. Өрмек және улы бездері жоқ.
Пішеншілердің 4000-ға жуық түрлері бар.
Көбісі жыртқыштар,
өрмекшілермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен және насекомдармен
қоректенеді. Кәдімгі пішенші Phalangium opilio қашауларда,
ағаштарда,
үйлердің қабырғаларының бұрыштарында кездеседі (123-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: