Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет193/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Жыныс жүйесі. Өрмекшітәрізділер дара жыныстылар. Жыныс безі 
құрсағында орналасқан және көптеген түрлерінде жұп болады. Көбіне оң 
және сол гонадалары қосылған. Құршаяндардың аталықтарында екі ұрық 
бездері болады (әрқайсысы жалғасқан түтік), ал аналықтарында аналық безі 
біртұтас. Ол біріккен үш түтіктен тұрады (122-сурет). Өрмекшінің аталық 
және аналық бездері әдетте жұп болады, кейде аналықтарында ұрық бездері 
соңғы жағында бүтін гонадаға біріккен. Гонадалардан әрқашан жұп жыныс 


тармақтары шығады да, олар құрсақтың алдыңғы жағында қосылып жыныс 
тесігі арқылы сыртқа ашылады. Барлық өрмекшітәрізділердің жыныс тесігі 
құрсақтың бірінші сегментінде ашылады. Аталықтарында әр түрлі қосымша 
бездері, аналықтарында ұрық қабылдағышы дамиды.
Дамуы. Өрмекшітәрізділердің арғы тегінде болған сырттай 
ұрықтанумен қатар, оларда іштей ұрықтануда дамып қалыптасқан. 
Қарапайым түрлерінде сперматофора арқылы ұрықтануы болса, күрделі 
құрылысты формаларында копуляция кездеседі. Сперматофор - ішінде 
белгілі бір мөлшерде тұқым сұйықтығы бар бөлінген аталық қапшық. 
Қапшықтың ішіндегі сұйықтық сперманы ауада құрғап кетуден сақтайды. 
Жалған құршаяндардың және кенелердің көп түрлерінің аталықтары 
өздерінің сперматофораларын топыраққа тастайды, ал аналықтары оны өзінің 
сыртқы жыныс мүшесімен іліп алады. Екеуі де сол кезде соған тән қозғалыс 
жасап "махаббат" биін орындайды. Өрмекшітәрізділердің көпшілігінде 
аталықтары сперматофораны аналық жыныс тесігіне хелицералардың 
көмегімен енгізеді. Кейбір түрлерінде шағылысу мүшелері болады да, 
сперматофоралары жойылады. Кейде копуляцияның жүруіне жыныс 
мүшелерінің құрамына кірмейтін дене бөліктері де қатысады. Мысалы, 
аталық өрмекшілердің - түрі өзгерген педипальпалары шағылыс мүшесінің 
қызметін атқарады.
122-сурет. Құршаянның жыныс жүйесі: А - аталық жүйесі; 1 - аталық без, 2 - тұқым 
шығарушы өзек, 3 - шағылысу діңгегі; Б - аналық жүйесі; 1 - аналық без, 2 - жұмыртқа 
жолы
Өрмекшілердің көбі жұмыртқа салады, ал құршаяндарда, жалған 
құршаяндарда және кенелердің кейбір түрлерінде тірі туу байқалады. 
Жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай, сондықтан бөлінуі жарым-жартылай 
беткейлік жүреді. Кейіннен құрсақ жағынан көп қабатты тақта тәрізді ұрық 
жолағы түзіледі. Оның жоғарғы беткі қабаты эктодермадан дамыған, одан 
төмен, яғни тереңірек жатқан қабат - мезодермадан, ал одан ең терең қабат 
(сарыуызға батып жатады) энтодермадан дамыған. Ұрықтың қалған бөлігі 
тек эктодермамен қапталған. Ұрықтың денесі ұрық жолағынан дамиды.
Даму сатыларында ұрық денесіндегі сегменттердің саны ересек 
жануарларға қарағанда көбірек. Мысалы, өрмекшілердің ұрығындағы құрсақ 
сегменттерінің саны - 12, оның алдыңғы 4-5 сегментінде ұрықтың аяқтары 
болады. Одан әрі даму кезінде құрсақ сегменттері бірігеді де тұтас құрсақ 
құралады. Құршаяндар құрсағының алдыңғы сегменттерінде аяқтары пайда 
болып, олардың алдыңғы жұбы жыныс қақпақшаларын түзейді, екіншісі - 
ескекті мүшелерді, қалған аяқтарының дамуы өкпенің түзілуімен 
байланысты. Мұның барлығы Arachnida класы өкілдерінің жақсы 
бунақталғандығын және тек баскеудеде ғана емес, сонымен қатар құрсағында 
да дамыған сегменттері және аяқтары бар арғы тектерден шыққандығын 
көрсетеді. Өрмекшітәрізділердің дамуы тура, тек кенелерде метаморфоз 
немесе түр өзгеріс байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет