Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет91/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ 
СОРҒЫШТАР
 
КЛАСЫ
 - 
MONOGENOIDEA
Моногенетикалық сорғыштар - балықтардың терісі мен желбезегінде, 
амфибиялар мен бауырымен жорғалаушылардың қуығында және басқа да 
мүшелерінде тіршілік ететін эктопаразиттер. Олардың түр саны 2500-ге 
жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. Моногенетикалық сорғыштардың 
денесі созылыңқы, артқы бөлімінде ерекше бекіну дискісі болады. Оның 
ілмешектері, сорғыштары немесе тканьдерді қысып алатын екі жақты 
қақпақтары бар. Арнайы бекіну мүшелері денесінің алдыңғы бөлімінде де 
болады. Олар паразиттің қоректену кезінде бас бөлімінің бекінуін 
қамтамасыз ететін, жабысқақ секрет бөлетін, бір клеткалы бездердің 


жолдары ашылатын қалақ тәрізді өсінділерден немесе кішкене сорғыштардан 
тұрады. Ішкі құрылысы дигенетикалық сорғыштарға өте ұқсас. 
Жамылғылары трематодтардікі сияқты - тегумент.
Денесінің алдыңғы бөлімінде орналасқан ауыз қуысы көптеген бүйір 
өсінділермен тарамдалатын қапшық тәрізді немесе қос тарамды ішекке 
жалғасқан.
Зәр шығару жүйесі протонефридиялы: негізгі экскреторлы түтіктер 
денесінің алдыңғы бөлімінде екі зәр шығару саңылауларымен аяқталады.
Нерв жүйесі ортогон типті: ми ганглиясынан өзара көлденең сақина 
өсінділермен байланысқан, үш жұп ұзына бойы бағаналар басталады. 
Дененің алдыңғы бөлімінде бір-екі жұп инвертирленген көздері болғанның 
өзінде де, сезім мүшелері нашар дамыған.
Жыныс жүйесі - гермафродитті. Бір немесе көптеген аталық тұқым 
бездері мен жалғыз жұмыртқа безі болады. Сарыуыз бездері жақсы дамыған 
(62-сурет). Сперматозоидтар шағылысу нәтижесінде қынап арқылы оотипке 
түседі, ал жұмыртқа клеткалары оотипке үздіксіз түсіп тұрады. Құрттың 
алдыңғы үштен бір бөлігінде жыныс тесігі орналасады, оған жатынның 
соңғы бөлімі мен хитинді ине-ілмешектерімен қаруланған аталық шағылыс 
мүшесінің шеткі бөлімі ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет