Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -



Pdf көрінісі
бет93/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ МОНОГЕНЕЙЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
POLYONCHOINEA
Бұл класс тармағына бекіну дискісінде жақсы дамыған, ілмешектермен 
қаруланған, бір немесе көптеген сорғыштары бар моногеней өкілдері жатады. 
Личинкаларының көзі жақсы дамыған және бекіну дискісінде 14-16 кішкене 
шеткі ілмешектері бар. Класс тармағының өкілдері - теңіз және тұщы су 
балықтарының паразиттері - солардың ауруы мен өлімінің себепкерлері. 
Мысалы, Еділ /Волга/ өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының 
желбезектерінде Nitzchia sturions тіршілік етеді. Қортпаны /қызыл 
балық/Аралға акклиматизациялағанда /жерсіндіргенде/ кездейсоқ әкелінген 
моногенетикалық сорғыш Nitzchia sturions жергілікті бекіре тұқымдастардың 
арасында ауру туғызып, олардың күрт азаюына әкеп соқты.
Тұщы су балықтарының желбезектерінде тіршілік ететін Dactylogyridae 
тұқымдасының көптеген өкілдері тәжірибелік маңызды орын алады. 
Мысалы, тұқы балықтардың жас особьтарының біреуінде әрқайсысы 1-3 мм-
дей 500 ұсақ Dactylogyrus паразиті табылған. Олар иесінің эпителиімен 
немесе қанымен қоректене отырып, бұл балықтардың жаппай қырылуына 
әкеп соқты.
Балықтардың қауіпті паразиттерінің бірінде тірі туу қасиеті бар. 
Бұларға Gyrodactylidae тұқымдасының өкілдері жатады. Олардың бекіну 


дискісі орталық ілмектердің жұбымен және 16 ұсақ шеткі ілмектерімен 
қаруланған.
Polystomatidae тұқымдасының өкілдері - амфибиялар мен бауырымен 
жорғалаушылардың паразиттері. Кейбір паразиттер, мысалы, бақа көпезуі 
эндопаразитке айналған. Олар ірі денесімен, тарамдалған ішектерімен және 
көптеген аталық тұқым таратқыштарымен сипатталады. Бекіну дискісінің 6 
бұлшықетті сорғышы болады.
62-сурет. Polystoma integerrimum (Monogenoidea) (A): 1 - ауыз тесігі, 2 - жұтқыншақ, 3 - 
жыныс тесігі, 4 - қынап, 5 - аталық жол, 6 - жатын, 7 - сарыуыз жолы, 8 - сарыуыз без, 9 - 
ішек, 10 - бекіну дискісінің сорғыштары, 11 - бекіну дискісінің ілмешектері, 12 - аналық 
жол, 13 - аналық без; Diplozoon paradoxum (Monogenoidea) (Б): 1-ауыз тесігі, 2 - ауыз 
сорғышы, 3 - жұтқыншақ, 4 - ішек, 5 - сарыуызы, 6 - жыныс бездерінің жинағы, 7 - 
тіркелгіш қақпақтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет