Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет95/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

63-сурет. Таспа құрттардың сколекстері: A - Tetrarhynchus (Tetrarhynchidea отр.); Б - 
Hymenolepis (Cyclophyllidea отр.); В - Diphyllobothrium (Pseudophyllidea отр.); Г - 
Phyllobothrium (Tetraphyllidea отр.); 1 - сорғыштар, 2 - тіркелгіш шұңқырлар, 3 - 
ілмешектер, 4 - ілмешектермен қаруланған ұзын тұмсығы, 5 - тұмсық қапшығы
64-сурет. Өгіз солитері (Taeniarhynchus saginatus). Көлденең кесілген бір бөлшегі: 1 - 
кутикула, 2 - эпителий клеткаларының негізі, 3 - сақина тәрізді бұлшықеттері, 4 - ұзына 
бойы бұлшықет талшығының кесілген ұшы, 5 - паренхиманың ішіне батқан эпителий 
клеткалары, 6 - паренхима, 7 - дорзопентральді бұлшықет талшықтары
Таспа құрттардың паренхимасында едәуір көлемде гликогеннің 
жиынтығы және шашыранды түрде орналасқан көмірқышқылды ізбест 
денешіктері болады. Гликогеннің болуы, құрттардың анаэробты тыныс 
алатын жағдайда тіршілікке қажет энергияны бөлетіндігіне байланысты. Ал 
өте ұсақ ізбесті денешіктердің құрылысы және атқаратын қызметі толық 
анықталмаған, бірақ оларды экскретті (зат алмасу процесіндегі соңғы
организмге қажеті жоқ өнімдер) денешіктер деп қарастырып, буферлік 
жүйенің қызметін атқарып, құрттарды қышқыл ортаның зиянды әсерінен 
сақтайды деген болжамдар бар.
Таспа құрттардың тағы бір ерекшелігі - ас қорыту жүйесі толығымен 
жойылған. Иесінің ортаңғы ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты, 
қорытылған қоректік сұйық заттың ішінде батып жатады. Осы қорытылған 
қоректік затты паразиттер сыртқы ядросыз цитоплазмалық қабатының 
бетінде орналаскан көптеген кірпікшелі өсінділер - микротрихиялар арқылы 
сіңіреді.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан 
ұзына бойына созылған екі негізгі зәр шығару түтіктері өтеді. Түтік дененің 
артқы жақ шетінен басталып алдыңғы жаққа қарай бағытталады. Бас бөлімге 
жеткен түтік қайта кері бағытта артқа қарай жетіп, зәр шығару саңылауымен 


аяқталады. Кері бағытталған екі түтік денесінің соңында бірігіп, жиырылғыш 
қуықпен аяқталады. Денесі буындалған құрттарда бүйірлік ұзына бойына 
созылған зәр шығару түтіктері әрбір буында көлденең түтікпен байланысьш, 
сатылы түрде болады. Соңғы буындардың үзіліп түсуінің нәтижесіңде 
жиырылғыш қуығы жоқ, бүйірлік түтіктер тікелей сыртқа қарай ашылады. 
Зәр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішіне (паренхимаға) қарай 
көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тәрізді "кірпікше 
жалынды" терминальды клеткалармен аяқталады. Терминальды клетклар 
арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге өтіп, негізгі түтіктер арқылы 
сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет