Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет1/31
Дата21.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#109529
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый




АЛҒЫ СӨЗ

Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады. Сонымен қатар, педагогиканың философиясы және әдіснамасының мазмұны педагогика ғылымының философиялық және әдіснамалық негіздері, педагогика ғылымының әдіснамалық қоры, ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасы, педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі, зерттеуші педагогтің әдіснамалық мәдениеті туралы ғылыми-практикалық білімдерді жүйелеп, сипаттады. Оқулық педагогика әдіснамасынан осыған дейінгі жарық көрген оқу құралдарының логикалық құрылымын талдау нәтижесінде, жаңа тұрпаттағы педагогтің ғылыми-зерттеушілік және әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың авторлық тұжырымдамасына негізделіп жасалды. Сондықтан. оқулықта: ғылымның жалпыпәндік моделі; ғылым философиясындағы ғылыми білімнің даму тұжырымдамалары; педагогика ғылымы әдіснамасының даму кезеңдері; педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдар жүйесі; диалектиканың заңдары, категориялары, ұстанымдары, тұғырлары, әдістерінің педагогикалық зерттеу әдіснамасы ретінде пайдаланылуы қарастырылды.


«Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» оқулығында бакалавариаттағы «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері», магистратурадағы «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері» пәндерінің мазмұны қамтылды.
Оқулықтың негізгі мақсаты – докторанттарға, педагогикалық зерттеудің әдіснамасының мәнін және әдіснамалық бағдарларды түсінуге, зерттеу мақсатында әдіснамалық білімдерді пайдалану тетіктерін меңгеруге көмектесу. Оқулық білім алушыларды педагогика әдіснамасының мағынасымен, құрылымымен, қызметімен, оның даму тарихымен, педагогикалық зерттеудің ғылыми, ұғымдық, өлшемдік аппаратын құрастыру әдістемесімен таныстырады. Оқулықта ғылыми-педагогикалық зерттеулердің теориялық және эмпирикалық әдістері сипатталған, зерттеушінің әдіснамалық тезаурусы, педагогика әдіснамасынан тесттер берілген. Әр тараудың соңында докторанттарға өз білімдерін тексеруге сұрақтар мен тапсырмалар, оқулық мазмұнына сәйкес кестелер, логикалық-құрылымдық сызбалар ұсынылған.
Бұл оқулық автордың көпжылдық ғылыми-зерттеу тәжірибесінің және Қазақстан Республикасы Президенті халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында Ресей Білім Академиясындағы өткен тағылымнамасы нәтижесінде дайындалып отыр. Осыған орай, оқырманның тиімді ұсыныстары болса, автор оларды ризашылықпен қабылдайтынын және алдын ала шынайы алғысын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет