Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Дидактиканың міндеттері мен қызметтері



бет23/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Дидактиканың міндеттері мен қызметтері:

  • оқыту үрдісін және оның орындалу жағдайын сипаттау және түсіндіру;

  • оқыту үрдісін жетілдіріп ұйымдастыру, жаңа оқу жүйелерін, жаңа технологияларын құрастыру.

Бұл міндеттер, жаңа аталып өткендей, дидактика пәнін анықтауда еске алынады: оның алдында оқыту, құрастыру және зерделеу объектісі ретінде қарастырылады. Оқыту - зерттеушіге, ол педагогиканың ғылыми-теориялық қызметін орындаған уақытта зерттеу объектісі ретінде алынады. Зерттеу нәтижесінде, ол оқыту үрдісінің қалай өтіп жатқаны және оның шын мәнінде орындалған немесе орындалып жатқаны, оның заңдылықтарының қандай екенін және оның болмысының неден тұратыны жайлы мағұлмат алады. Басқаша айтқанда, мұндай мағлұматтар педагогикалық шындықты өзінің дәл күйінде көрсетеді. Философиялық терминологияны қолдана отырып, мән жайлы педагогикалық фактілер, педагогикалық үрдіс заңдылықтары мен мәні жайлы білімдер алынады деуге болады.
Өзінің қызметтерінің шешілуіне жалпы дидактика басқа ғылымдардың жетістіктерін пайдаланады, дәлірек айтсақ: философияның, жалпы психологияның, жастық психологиясының, кейінгі онжылдықта кибернетиканың мәліметтерін қолданады. Осы кибернетика белгілі дәрежеде дидактикадағы бағдарламалық оқытуды, алгоритмдеуді, жүйелі-құрылымды әдісті мектепте оқыту- тәрбиелеу ұрдістерін ұйымдастыруына шартты тәуелді етеді.
Психология мәліметтерін қолданып, дидактика мысалы: оқушылардың жас мөлшерінің ерекшеліктерін есепке алады, сондай-ақ, оқытудың түпкі мақсатын құрастырғанда оқу барысында қол жеткізген қасиеттер: ойлаудың дербестігі, оқу дағдыларын меңгеру, қолдану, креативтілік және т.б арқылы құрастырулар ескереді. Психология ғылымынан дидактика: еске сақтау, ақыл-ойдың жетілуі, қабылдау үрдістері туралы білімдерді өзіне қолданады. Жастық физиологиясынан бағытталған- әрекеттік оқытудан туындаған тетік үрдістеріне түсінік береді. Философия жалпы адам, табиғат, қоғам дамуының заңдары туралы білім береді. Зерттеушінің адамның әлеуметтік қызметін ойластыруына оның білім беру мазмұнын құрастыруға бағытталған жұмысы байланысты болады.
Белгілі бір философиялық көріністерді анықтау жеке тұлғалық-бағдарлы оқытуды құрастыруда тірек қызметін атқарады Дидактика – оқыту мен білім беру теориясы. Тұтас педагогикалық үрдістің құрауыштары оқыту мен тәрбиелеу болып табылады. Бұлар өзара тығыз байланыста болса да, өзіндік ерекшеліктері бар. Педагогикалық үрдісте оқыту үрдісі ерекше орынға ие. Оқыту барысында білім, білік, дағды және жеке қасиеттер қалыптасады. Оқыту үрдісінің теориялық негізін, оның заңдылықтарын, қағидаттарын, әдістерін педагогиканың өзекті саласы – дидактика қарастырады. Дидактика дегеніміз – оқытудың мазмұнына, әдістеріне және ұйымдастыру түрлеріне ғылыми негіздеме беретін оқытудың педагогикалық теориясы.
Дидактика ғылым ретінде мына мәселелерді қарастырады:

  • Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?

  • Кімді оқытамыз (оқыту субьектілері)?

  • Оқытудың қандай стратегиялары тиімді (оқыту принциптері)?

  • Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?

  • Оқытуды қалай ұйымдастырамыз (оқытуды ұйымдастыру формасы)?

  • Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік бағдарламалар, т.б.)?

  • Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер мен нәтижелер)?

  • Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет