Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Педагогиканың дидактикалық негіздері



бет24/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Педагогиканың дидактикалық негіздері. Ғылымдардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстанда дидактика ғылыми-педагогикалық білімнің басты саласы ретінде басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, әлдеқайда дамып келе жатыр. Ғалымдар қауымдастығы жүргізген зерттеуіне сүйене отырып, әлемдік бәсекеге қабілетті білім беру үшін дидактиканың инновациялық бағытын анықтадық.
Қазақстан Республикасы өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңындағы оның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы бойынша бүгінгі мектеп оқушыларына әлемдік бәсекеге қабілетті білім беру бойынша дидактикалық инновациялық бағыттары: инновациялық технология, инновациялық оқу-әдістемелік кешен, инновациялық әдіснама, дидактикалық инновациялық мазмұны және т.б.
ХХІ ғасыр мұғалімнің зерттеушілік даярлығын қажет ететін, жаңа форматтағы мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі. Мектеп өміріне буын оқулықтарының келуі мұғалімнен өз ісімен үлкен жауапкершілікпен, инновациялық көзқараспен қарауды талап етеді. Республикамызда білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру үшін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін ендіру қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысына сәйкес «Жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін (ООӘК) дайындаумен баспадан шығарудың мақсатты бағдарламасы» бекітілді. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты – әрбір сынып әрбір пән бойынша жаңа буын оқулықтары мен оған сәйкес оқу-әдістемелік кешендерін қазіргі қоғам сұранысына сәйкес, еліміздің ұлттық ерекшеліктері мен мәдени құнылықтарын ескере отырып қайта дайындау, оқушылықтардың базалық білім мен біліктілік деңгейін қамтамасыз ету.
Соңғы он жылдықта көптеген жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді: ана тілінен (Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова), қазақ әдебиетінен (А.Дайырова, Т.Ақшолақов және т.б.), Қазақ мектептерінен орыс тілінен (Г.Бадамбаева, Қ.Қабдолова және т.б.), дүниетанудан (К.Ж.Жүнісова, Қ. Аймағамбетова жіне т.б.), географиядан (К.Мамырова, Ұ.Есназарова), химиядан (Н.Н.Нұрахметов, И.Н.Нұғыманов), математикадан (Т.Оспанов, Ж.Қайыңбаев және т.б.), тарихтан (Т.Т.Тұрлығұлов, Т.А.Анохина, М.А.Зарифова, т.б.) және басқалары. Ал Қазақстан Республикасы мектептері мен жоғары оқу орны оқулықтарын даярлаудың тұжырымдамалық негіздемесін ғалымдар Б.А. Қойшыбаев, Н.Н. Нұрахметов және т.б. жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет