Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет26/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Педагогика және психология.

Педагогика мен психологияның өзара байланысы әдіснамалық сипатқа ие. Психология мен педагогикадағы зерттеу үдерісінде әдіснамалық талдауды негізінен үш деңгейде жүргізеді: жалпы әдіснама (жалпы философиялық тұғыр, болмыстағы құбылыстарды танудың жалпы тәсілі; құбылыстар мен үдерістер дамуда, байланыстар мен қатынастардың көптүрлілігінде қарастырылады; жалпы әдіснама ретінде зерттеушілер түрлі философиялық жүйелерді басшылыққа алады; алынған нәтижелер дүниетанымдық тұрғыдан қорытылады), жеке (арнайы) әдіснама (осы білім саласында қолданылатын әдіснамалық ұстанымдар жиынтығы, ғылымдағы теорияларды жасау тәсілі туралы нұсқаулар береді, зерделенетін нысанадағы ұстанымдық құрылым мен өзара байланыстардың негізгі бағыттарын бөліп көрсетуге көмектеседі), зерттеудің нақты әдістерінің, әдістемелерінің, тәсілдерінің жиынтығы (зерттеу практикасымен байланысты; зерттеуде барлық әдістемелер жалпы және арнайы әдіснамамен бірге қарастырылады; кез келген әдістемелік тәсіл (айталық тест) зерттеудің басқа да ұстанымдық мәселелерін шешумен бірге қарастырылады).


Философиялық ұстанымдар нақты ғылымдардағы зерттеулерде тікелей қолданылуы мүмкін емес: олар арнайы әдіснаманың ұстанымы арқылы басшылыққа алынады. Зерттеудің тиімділігі әдіснаманың, зерттеу әдістерінің және әдістемелердің үйлесімді өзара байланысына тәуелді: ғылым әдіснамасы (философия) → әдіснамалық ұстанымдар (психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізуде қойылатын талаптар) → зерттеу әдістері (әдіснамалық ұстанымдарға сай психолологиялық-педагогикалық фактілерді алу және негіздеу тәсілдері) → зерттеу әдістемелері (зерттеу мақсатына сай әдістің нақты қолданымы) → зерттеу материалдарын өңдеутұжырымдар мен ұстаныстар.
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жалпы әдіснамалық ұстанымдар негізінде құрылады. Әдіснамалық ұстанымдарды және баланың психикасының ерекшеліктерінен туындайтын нақты мақсаттарды басшылыққа ала отырып, психологиялық зерттеудің стратегиясы, жалпы барысы анықталады. Психологиялық және педагогикалық зерттеу логикасы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Олар: детерменизм ұстанымы, ақиқаттылық ұстанымы, даму ұстанымы. Осы аталған ұстанымдар педагогикалық және психологиялық зерттеулерде нақты ескерілмегендіктен ізденіс нәтижелері практикада қолданылуы күмәнді болып қалуы әбден мүмкін.
Психологияда да, педагогикада да зерттеудің табыстылығы оның әдіснамалық аппаратының дамуымен анықталады, сондықтан да, психологиядағы әдістер жасалымы зерттеушілердің үнемі назарында. Нақты әдістер жасалымы ғылымның теориялық қағидаларынан шыға отырып, әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді. Кез келген әдіс белгілі бір теорияның нәтижесін көрсетеді де, зерттеудің нысанасын, алынған нәтижелерді түсіндіру тәсілдерін анықтайды.
Ізденушілердің психологиялық және педагогикалық теорияларды зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізінде көрсеткенмен зерттеу барысында ол теорияны не үшін, қалай қолданғаны көмескілеу болып қалады. Зерттеу көздерінде ізденушілер психологтардың еңбектерін де көрсетеді, тіпті пайдаланылған әдебиеттер тізімінде Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.Г.Ананьевті келтіреді, ал бірақ бұл ғалымдар психологиядағы қандай теорияны жасауға қатысуына байланысты алғанын кейде дәлелдеп бере алмай жатады. Педагогикалық зерттеудің көпшілігінде психология ғылымының зерттеу әдістері қолданылады деген мәлімет келтіріледі, сондай-ақ зерттеу әдістері педагогика мен психологияда бірдей аталғанмен, қолданылу аясы және мүмкіндігі әртүрлі. Педагогикалық зерттеуде әдістің әлеуеті толық ашылмай қалатын жәйіттер жиі кездеседі. Кейде тіпті зерттеудің ғылыми аппаратында тұрғанмен, зерттеудің өзінде қолданылмағаны байқалады. Психологиялық зерттеулерде әдісті қолданудың нәтижесінен алынатын нәтижелер сандық және сапалық жағынан толық сипатталады, ал соны педагогикада да толығырақ іске асырған жөн. Шындығында педагогика мен психология – егіз, бірінсіз бірі толыққанды зерттеуі мүмкін емес.
Психология мен педагогикадағы зерттеудің сапасы зерттеу әдістерінің даму деңгейіне, яғни психологиялық және педагогикалық фактілер қалай табылғанына тікелей байланысты. Демек, бұл екі ғылымда да фактілерді негіздеу ғылыми ізденістің өзегі болып табылмақ. Психологиялық факт дегеніміз не? Ол: а) психиканың түрлі қырларының ерекшеліктері бейнелетін баланың мінез-құлқының белгілі бір көріністері; б) топтың бірлескен әрекеті, жалпы көңіл-күй ахуалы, балалар арасындағы қарым-қатынастар.
Б.Г. Ананьевтің психологиялық зерттеу әдістері жіктемесі бойынша ұйымдастырушы әдістер, эмпирикалық әдістер, мәліметтерді өңдеу әдістері, түсіндіру әдістері болып бөлінеді. Педагогика ғылымында зерттеу әдістері эмпирикалық және теориялық деген екі топқа бөлінеді (Ю.К. Бабанский, М.Н. Скаткин, Я. Скалкова) және т.б.
Психологиялық және педагогикалық зерттеу кезеңдері:
бірінші кезең - дайындық (белгілі бір мәселені шешу қажеттігі, оны сезінуі, зерттеу міндеттерін, нысанасын, пәнін, анықтау, болжамын жасау, әдістерді таңдау және әдістердің әдіснамалық ұстанымдарға сәйкестігін, бір әдістерді басқаларымен тексеру мүмкіндіктерін ескеру);
екінші кезең - зерттеушілік (фактілік мәліметтерді түрлі әдістер көмегімен жинастыру, зерттеулер кезеңдері, сериялары);
үшінші кезең – зерттеудің мәліметтерін өңдеу (зерттеу мәліметтерін сандық және сапалық талдау: әрбір тіркелген фактіні талдау, факті мен болжамның байланыстарын орнату, қайталанатын фактілерді бөліп көрсету, статистикалық өңдеру, кестелер, графиктер және т.б. құрастыру);
төртінші кезең - мәліметтерді түсіндіру және тұжырымдар жасау (зерттеу болжамының дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау).
Ғалым В.И. Загвязинский психологиялық және педагогикалық зерттеу әдістерін тұтас қарастырады.
Қазақстандағы көптеген университеттердегі педагогика және психология мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламаларында білім беру психологиясына ерекше мән беріледі. Дегенмен, келешекте осы саладағы психологиялық және педагогикалық зерттеулердің логикасы, тезаурусы, негізгі түсініктері, зерттеу әдістерінің әлеуеті, ол әдістерді үйлесімді таңдау, зерттеулердің нәтижелерін талдау, психологиялық және педагогикалық мәселелер бойынша ғылыми мәтіндерді талдау, өзекті мәселелерге арналған ғылыми жобаларды жазып даярлау мен қорғауға үйрету жүйесі оқытушылардың портфолиосында болуы қажет. Сондай-ақ, магистранттар ғылыми-зерттеу бағытындағы арнайы тәжрибеден өтеді. Бірақ республикамызда мемлекеттік деңгейде психология және педагогика саласында ғылыми-зертеу институттары жоқтың қасы. Тек Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бүкіл жоғары оқу орындарындағы магистранттарды қамтуы мүмкін емес. Әрине, магистранттар алыс және жақын шетелдік университеттерге аз уақытқа тағылымнамадан өтуге жіберіледі. Бұл, әрине, жеткіліксіз. Зерттеуші ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орнының кафедрасында, ғылыми-зерттеу институтының зертханасында ғылыми ойлауға, жаңалықты табуға, әдіснамалық мәселені тануға, ғылыми зерттеудің логикасын түсінуге, әдіснамалық мәдениетін жетілдіруге, ғылыми-зерттеу нәижелеріне талдау жасауға әдіснамалық тәжірибе жинақтауға үйретіледі, үйренеді. Өйткені, ғылыми-педагогикалық кадрлар ондаған жылдар академиялық іргелі ғылыми-зерттеу институттарында өз ойларын ұштайды, ғылыми санасын, менталитетін, жүйесін дамытады.
Сондықтан, елімізде психология саласына ғылыми-зерттеу институты, ұлттық психологиямызды зерттеп, бүгінгі күні психологиялық қызметті құру, жеке адамға психологиялық көмек, әрбір жас тұлғаның психологиясын қалыптастыру үшін қажет-ақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет