Оқушылардан кеңес алудың Ұлттық МӘНМӘтіні мектеп мәнмәтіні


Кеңес алу кезінде ұстанатын негізгі қағидаттар



бет6/8
Дата18.11.2023
өлшемі114,5 Kb.
#124644
1   2   3   4   5   6   7   8
Кеңес алу кезінде ұстанатын негізгі қағидаттар:

  • жастарды тыңдау ниеті шынайы болып табылады;

  • тақырып соны, жаңа болып табылады;

  • кеңес алу мақсаты жастарға түсіндіріледі;

  • жастар өздері айтқан деректермен не болатынын және өзінің пікірін, сезімін немесе тәжірибесін шынайы айтқаннан оларға зиян келмейтініне сенімді;

  • өз пікірін білдірген оқушыға кері байланыс ұсынылады;

  • жастарда өзіндік пікір-көзқарастардың қалыптасуына, сондай-ақ олардың бірнәрсеге алаңдауын тудыруға ықпал ету мақсатында қабылданған іс-шаралар түсіндіріледі және қажет болған жағдайда негізделеді.

Кеңес алуды бағыттауға көмектесетін кейбір тәжірибелік, әдіснамалық және этикалық қағидаттар 1-қосымшада (45-бет) қысқаша баяндалған.


Онда мектеп пайдаланған тәсілдің екі үлгісі ұсынылып отыр: екі өлшемді сауалнама және қосарланған тексеру парағы.
1-үлгі
Сауалнаманы (оқушылар мұғалім не істегенін және олар үшін не маңызды болғанын салыстырған) 6 сыныптың барлық оқушылары толтырды. Оқушылар қысқаша мәлімдемелерді талқылады. Қызу талқылау тудырған тармақтардың бірі: «Мен тапсырманы дұрыс орындаған кезде мұғалімдер мені мақтайды» деген тармақ болды. Оны бір оқушыдан басқа барлық оқушылар олар үшін өте маңызды және олардың мұғаліміне қатысты дұрыс айтылған деп бағалады.
Тек бір оқушы қарсы пікір білдіргенін шын жүректен мойындап, былай деді: «Маған мақтау қажет емес. Егер мен жұмыспен қанағаттанған болсам, мен үшін сол ғана маңызды. Оған қарамастан, мен өзгелерді мақтаймын. Себебі әдетте олардың жұмысы менің жұмысымнан жақсы болып жатады, үнемі емес әрине. Бірақ шын мәнінде солай болған кезде, мақтауды аямаймын». Оның түсініктемесі мақтау, оның әсері, мақтаудың түрлері: «арзан» мақтау мен балалар шынайы бағалайтын мақтау туралы ұзақ талқылау тудырды. Талқылау мақтауды әр адам түрліше қарайтынын бірінші орынға шығарды. Талқылауға қатысқан мектеп директоры үшін бұл құнды ақпарат болды.


2-үлгі
Орта мектеп мұғалімі «Оқыту мен оқуда ненің ықпалы бар?» тақырыбына зерттеу жүргізгенде ұқсас тәсілді пайдаланды. Сауалнама екі пікірді білу мақсатында жүргізілді, біріншісі белгілі бір сынып тапсырмасының жиілігі туралы, екіншісі осы тапсырма оқуда қаншалықты жақсы көмектескені туралы (оқушылардың пікірі бойынша). Мұғалім мен оқушылар, төменде берілген диаграммада көрсетілгендей, нәтижеліліктің ол тапсырманы қолдану жиілігіне тәуелділігін көруге мүмкіндік алды:



жоғары





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет