Оқушылардан кеңес алудың Ұлттық МӘНМӘтіні мектеп мәнмәтіні


Оқушылардан кеңес алудың артықшылығы



бет2/8
Дата18.11.2023
өлшемі114,5 Kb.
#124644
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
19 ТОО 1а3к Мектептерге кеңес беру үдерісіндегі ұлттық мәдениет мәнмәтіні

2. Оқушылардан кеңес алудың артықшылығы
Оқушылардан кеңес алудың ықпалы қандай? Сенімді дәлел табу оңай емес: оқушыларға шын мәнінде көптеген нәрселер әсер етеді, соның қайсысы тиімді болып жатқанына сенімді болу қиын. Соған қарамастан, әсерді талдаудың бірнеше тәсілін ұсынамыз. Олардың бәрі оқушылар мен мұғалімдердің жеке дәлелімен толықтырылуы мүмкін.
Бұнын дәлелін біз:

  • Кеңес алу жүргізілген пән бойынша оқушылардың сабақ үлгерімі артатынынан;

  • Кеңес алуға қатысқан оқушылардың белгілі бір тобының сабақ үлгерімі артатынынан;

  • Сабақ үлгерімі шегінен шығатын жетістіктерге қол жеткізетінінен;

  • Оқушылардың оқуға немесе мектепке деген қарым-қатынасы өзгеретінінен көре аламыз.

Немесе:

  • Оқу туралы оқушылардың өте сындарлы және ойластырылған пікірі;

  • Оқушылар өз оқуын бағалай бастауы сияқты дәлелдерді таба аламыз.

Бұндай тәсілдер қандай ілгерілеушілікке қол жеткенін көру үшін кеңес алу басталмай тұрып, айқын бастапқы деректердің болуын талап етеді.
Егер кеңес алу ұзақ уақытқа созылса, мұғалімдер мен мектепке әсер ету нәтижелері мынадай болар еді:

  • Мұғалімдердің оқушылардан қашан және қалай тиімді кеңес алу туралы түсінігінің артуы;

  • Күнделікті сынып тәжірибесінде кеңес алу тәсілдерін пайдалану;

  • Мектептің кеңес алуды және оның нәтижелерін ашық әрі сындарлы пайдалану мүмкіндіктерін тұрақты дамытуды ұстануы.



Оқушылардың ойынша олар кеңес алудың нәтижесінде не алады
Бұл жерде оқушылар кеңес алудың артықшылығы деп санайтын құбылыстың кейбір ортақ белгілері берілген. Оған мыналар енеді:

  • Сені құрметтейтінін, тыңдайтынын және пікіріңді шындап қабылдайтынын сезіну;

  • Сенің көзқарасың мектеп пен сыныпта жұмыстар қалайша орындалатынына әсер ететінін білу;

  • Оқыту және оқу қарқыны мен мәнерін бақылай алатыныңды сезіну;

  • Өз оқуың туралы айта алатыныңды және оны жақсартуға өте сенімді екеніңді сезіну;

  • Оқуға және мектепке үлкен сеніммен қарау, себебі оның мақсатымен өзіңнің байланысыңды сезесің.

Кеңес алуға қатысты оқушылардың айтатын кейбір теріс пікірлері әдетте мына мәселелерді қамтиды:

  • Пікірлер мен толықтырулар болған жоқ;

  • Мұғалімдер маңызды шешімдерді өздері қабылдады;

  • Мұғалімдерді оқушылар не айтатыны мүлдем қызықтырмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет